Көңілді үзіліс » «Қожагелді батыр атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Ақсуат ауданы бойынша білім бөлімінің
«Қожагелді батыр атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72346) 2-13-54
Есепші бөлімі:
+7(72346) 2-22-72
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
ақпан
2025

Көңілді үзіліс

🪀Көңілді үзіліс..."Қазақ хандығы" үстел ойыны...

⚡Білім беру ұйымдарындағы “Біртұтас тәрбие” бағдарламасына сәйкес, білім алушылардың бойындағы құндылықтарды дамыту мақсатында “Ұлттық ойын - ұлт қазынасы” тақырыбы бойынша 10 “Б” сынып оқушылары көңілді үзіліс кезінде ұлттық құндылықтарға негізделген “Қазақ хандығы” үстел ойынын ойнады.

⚜ Ойын барысында төрт ойыншы сағат тілі бойынша жүріп бастайды. Әрбір қарсылас өз қалауы бойынша бірден беске дейін қадам жасады. Ойыншылар киіз үйлерін өз аумақтарына тізіп қойып, сәйкес түстегі туларымен жүріс жасады. Ту тігілген аумақта қарсыластырының уйі тұрған жағдайда “шайқас” бастап, “базар” және “батырлар”карталары пайдаланылады. “Жұт”, “базар”, “той” карталары кезек - кезек ашылып, онда жазылған тапсырмалар орындалады. Мысалы, “жұт” картасындағы -киіз үйіңізді алып тастаңыз, деген тапсырма болса өз аумағынан бір киіз үйді алып тастайды.

⚜Киіз үйлерін неғұрлым көп орналастырып, белгілі мөлшерде рулардың қолдауына ие болған ойыншы жеңімпаз болады. Үстел ойынына оқушылар қызығушылық танытып, жеңімпаз атануға ұмтылды.

⚜Ұйымдастырған қосымша білім беру педагог Қарлығаш Әшімқызы.

Көңілді үзіліс​​​
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив