Ұлттық ойын...ұлттық құндылықтар...ұлттық арна...Қазақ хандығы... » «Қожагелді батыр атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Ақсуат ауданы бойынша білім бөлімінің
«Қожагелді батыр атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72346) 2-13-54
Есепші бөлімі:
+7(72346) 2-22-72
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ұлттық ойын...ұлттық құндылықтар...ұлттық арна...Қазақ хандығы...
14
қаңтар
2025

Ұлттық ойын...ұлттық құндылықтар...ұлттық арна...Қазақ хандығы...

⚜Ұлттық ойын...ұлттық құндылықтар...ұлттық арна...Қазақ хандығы...

⚜Бүгін, мектебімізге Хабар телеарнасының журналистері іс сапармен келді. Журналистерді қарсы алған оқушылардың жүздерінде қуаныш пен құрметті байқадық! Басты кейіпкер - НУРАЯН!.
Зал ұлттық ойынымыз асық ойнаған Нураянның сыныптастарына, достарына, ұстаздарына толы болды.
⚜Телеарна жүргізушілері Бота мен Серік залдың ұлттық нақышта безендірілуі мен ұлттық киім киген оқушыларды көріп, қуанып, амандасып, сұхбаттасып, іздегендерін тапқандай болды.

⚜Нураянның достары “Қазақ хандығы” үстел ойынын ойнады. Ойынның мақсаты -Қазақ руларын өз туының астына қарсыластарынан жылдамырақ біріктіру. Ойын - ойын алаңынан, 40 рулар аумағынан және 4 әрекет алаңынан тұрады.
“Қазақ хандығы “үстел ойыны ойыншыларға жеңімпазды ақ киізде жоғары көтеру үшін, осы еліктірер үрдістің атмосферасына енуге, қазақ руларының қолдауына ие болуына мүмкіндік береді. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыратын, жылдамдық пен еңбекқорлыққа үйрететін шахмат ойынында ойнады. Ұйымдастырған қосымша білім беру педагогы Қарлығаш Әшімқызы.

⚜Телеарна жүргізушілері "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында өткізіліп жатқан құнды шараларды көріп, оқушыларға, мектеп ұжымына ризашылықтарын білдіріп, жұмыстарына жігер алып, келесі түсірілімге асығып бара жатты.

⚜Осы шарада креативті тақтаға "Ұлттық ойын - асық ату" суретін эстетикалық талғаммен салған қосымша білім беру педагогы Мейір Заманбекұлы.

⚜Үнемі оқушылардың жанынан табылатын, кіші қамту қызметкерлері Садуақасова Жанар мен Жалелова Нургүл апайларының да еңбектерін атап кеткеніміз жөн.

⚜"Біртұтас тәрбие" бағдарламасының қаңтар - заң мен тәртіп айы аясында оқушыларға ұлттық құндылықтарды дәріптей отырып, жігерлі, патриот болуға тәрбиелейтін іс - шараны ұйымдастырған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Амангүл Керейханқызы.

⚜Асығыңыз алшысынан түссін демекпіз!


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив