Музыка пәні мұғалімі лауазымы бойынша бос орынға конкурс » «Қожагелді батыр атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Ақсуат ауданы бойынша білім бөлімінің
«Қожагелді батыр атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72346) 2-13-54
Есепші бөлімі:
+7(72346) 2-22-72
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Музыка пәні мұғалімі лауазымы бойынша бос орынға конкурс
31
желтоқсан
2024

Музыка пәні мұғалімі лауазымы бойынша бос орынға конкурс

Конкурсқа Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін және осы Қағидалардың 154-тармағында көрсетілген тізім бойынша құжаттарды ұсынған педагогтер қатысады.

1) осы Қағидалардың 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін
 құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
 2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған
 электронды құжат (идентификация үшін);
 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты
 мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
 4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға
 қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
 6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту
 туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін
 атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
 7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
 8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
 9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы
 біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
 10) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос
 лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

11) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
           Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби
 деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық
 дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
 Ескерту: 

  1. Осы Қағидалардың 154-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.
  2. Осы Қағидалардың 154-тармағында көрсетілген құжаттар конкурсқа ұсынылған сон қайта қайтарылмайды




Осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес өтініш үлгісі

Мемлекеттік білім беру
 ұйымдарының бірінші
 басшылары мен педагогтерін
 лауазымдарға тағайындау,
 лауазымдардан босату
 қағидаларына
 15-қосымша
 Нысан
 ____________________________
 Конкурс жариялаған
 мемлекеттік орган
 
 

_______________________________________________________________
 (үміткердің Т.А.Ә. (бар болса)), ЖСН
 _______________________________________________________________
 (лауазымы, жұмыс орны)
 _______________________________________________________________
 _______________________________________________________________
 Нақты тұрғылықты жері, тіркелген мекен-жайы, байланыс телефоны


 Өтініш

Мені бос/уақытша бос лауазымдық конкурсқа қатысуға рұқсат беруіңізді сұраймын
 (қажетінің астын сызыңыз)
 _______________________________________________________________
 білім беру ұйымының атауы, мекен-жайы (облыс, аудан, қала\ауыл)
 Қазіргі уақытта жұмыс істеймін
 _______________________________________________________________
 білім беру ұйымының атауы, мекен-жайы (облыс, аудан, қала\ауыл)
 Өзім туралы келесіні хабарлаймын:
 Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейін
 Оқу орнының атауы

 Оқыту кезеңі 

Диплом бойынша мамандық
 Біліктілік санатының болуы (беру (растау) күні):
 _____________________________________________________________
 Педагогикалық жұмыс өтілі: ____________________________________
 Келесі жұмыс нәтижелері бар:___________________________________
 Наградалары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ
 қосымша мәліметтер (бар болса) ____________________________________________________________
 
 





Осы Қағиданың 16-қосымшасына сәйкес кандидаттың өзін-өзі бағалау парағының үлгісі


Мемлекеттік білім беру
 ұйымдарының бірінші
 басшылары мен педагогтерін
 лауазымға тағайындау,
 лауазымнан босату
 Қағидаларына
 16-қосымша
 Нысан

Бос немесе уақытша бос педагог лауазымына үміткердің бағалау парағы
 ___________________________________________________
 (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
 
 

Өлшемшарттар

Растайтын құжат
 
 

Балл сандары
 (1-ден 20-ға дейін)

Үміткердің қойған балы

Конкурстық комиссиясының қойыған балы

1.

Білім деңгейі

Білімі туралы дипломның
 және дипломға
 қосымшаның
 көшірмелері

Техникалық және кәсіби
 = 1 балл
 Жоғары күндізгі = 2 балл
 Жоғары күндізгі үздік= 3
 балл
 Магистр = 5 балл



2.

Ғылыми/академиялық
 дәрежесі

Білімі туралы дипломның
 және дипломға
 қосымшаның
 көшірмелері

PHD-доктор = 10 балл
 Ғылыми доктор = 10 балл
 Ғылыми кандидат = 10
 балл



3.

Жұмыс өтілі жоқ
 үміткерлер үшін
 сертификаттау

Сертификат

"Педагог" біліктілік
 санаты - 5 балл
 
 



4.

Біліктілік санаты

Жеке куәлік, басқа құжат

Екінші санат = 1 балл

Бірінші санат = 2 балл

Жоғары санат = 3 балл

Педагог-модератор = 3 балл

Педагог-сарапшы = 5 балл

Педагог-зерттеуші = 7 балл

Педагог-шебер = 10 балл



5.

Әкімшілік      және 

әдістемелік қызметтегі жұмыс тәжірибесі

Еңбек кітапшасы/еңбек қызметін растайтын 

басқа да құжат

Әдіскер (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 2 

жыл) = 1 балл Директордың орынбасары (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл) = 3 балл директор (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл) = 5 балл



6.

Алғаш рет жұмысқа 

тұрған педагогтер үшін

Білімі туралы дипломның қосымшасы

Педагогикалық/ кәсіби тәжірибенің нәтижелері

"өте жақсы" = 1 балл

"жақсы" = 0,5 балл



7.

Бұрынғы жұмыс орнынан
 (педагог лауазымы
 бойынша) немесе оқу
 орнынан ұсыныс хат

Ұсыныс хат (Конкурсты
 өз бетінше жариялаған
 білім беру ұйымы соңғы
 жұмыс/оқу орны
 бойынша ұйымға/оқу
 мекемесіне өтініш
 жасайды)

Оң ұсыныс хатының
 болуы = 3 балл
 Теріс ұсыныс хатының
 болуы = минус 3 балл



8.

Кәсіби жетістіктерінің
 көрсеткіштері

- дипломдар, білім
 алушылардың
 олимпиадалар және
 конкурстар, ғылыми
 жобалар бойынша
 жеңімпаздардың
 грамоталары;
 - дипломдар, мұғалімнің
 олимпиадалар және
 к о н к у р с т а р
 жеңімпаздарының
 грамоталары;
 - мемлекеттік награда

олимпиадалар және
 к о н к у р с т а р
 жеңімпаздары = 0,5 балл
 ғылыми жобалардың = 1
 балл
 олимпиадалар және
 к о н к у р с т а р
 жеңімпаздары - 3 балл
 "Үздік педагог"
 конкурсына қатысушы =
 1 балл
 "Үздік педагог"
 конкурсының жеңімпазы
 = 5 балл
 "Қазақстан еңбек сіңірген
 ұстазы" медаль иегері =
 10 балл



9.

Әдістемелік қызметі

-авторлық шығармалары,
 басылымдары

ҚР ОАМ тізбесіне енген
 оқулықтар мен (немесе)
 ОӘК авторы немесе
 бірлескен авторы = 5
 балл
 РОӘК тізбесіне енген
 оқулықтар мен (немесе)
 ОӘК авторы немесе
 бірлескен авторы = 2
 балл
 БССҚЕК, Scopus
 тізбесіне енгізілген
 ғылыми-зерттеу қызметі
 б о й ы н ш а
 жарияланымның болуы -
 3 балл



10.

Қоғамдық-педагогикалық
 қызметі

Қоғамдық-педагогикалық
 қызметін растайтын
 құжат

тәлімгер = 0,5 балл
 ӘБ басшылығы = 2 балл
 Екі тілде сабақ беру,
 орыс/қазақ = 2 балл
 шетел/орыс немесе шетел
 /қазақ = 3 балл,
 үш тілде сабақ беру (
 қазақ, орыс, шетел) = 5
 балл



11.

Курсқа дайындық

- пәндік дайындық
 сертификаттары;
 - цифрлық сауаттылық,
 КАЗТЕСТ,
 IELTS;
 TOEFL;
 DELF сертификаттары;
 Goethe Zertifikat, "Python
 тілінде бағдарламалау
 н е г і з д е р і "

бағдарламалары
 
бойынша оқыту, "
 Microsoft"
 
Курсера жұмыстарына
 
оқыту
 
Халықаралық курстар:
 TEFL Cambridge
 "CELTA
 (Certificate in Teaching
 English to Speakers of
 Other Languages)"
 CELT-P (Certificate in
 English Language
 Teaching – Primary)
 DELTA (Diploma in
 Teaching English to
 Speakers of Other
 Languages)
 CELT-S (Certificate in
 English Language
 Teaching – Secondary)
 ""TKT
 Teaching Knowledge Test"
 Certificate in EMI Skills (
 English as a Medium of
 Instruction)
 Teacher of English to
 Speakers of Other
 Languages (TESOL)
 "TESOL"
 Certificate in teaching
 English for young learners
 International House
 Certificate in Teaching
 English as a Foreign
 Language (IHC)
 IHCYLT - International
 House Certificate In
 Teaching Young Learners
 and Teenagers
 Becoming a Better Teacher
 : Exploring Professional
 Development
 Assessment for Learning:
 Formative Assessment in
 Science and Maths
 Teaching
 Online Teaching for
 Educators: Development
 and Delivery
 Educational Management
 Key Ideas in Mentoring
 Mathematics Teachers

Курсы на платформе
 Coursera, Futute learn
 Teaching Mathematics
 with Technology
 Special Educational Needs
 "Developing expertise in
 teaching chemistry "

ПШО, НЗМ, "Өрлеу"
 курстары
 = 0,5 балл
 Қазақстан Республикасы
 Білім және ғылым
 министрінің 2016 жылғы
 28 қаңтардағы № 95
 бұйрығына сәйкес тізбеге енгізілген біліктілікті
 арттыру ұйымдары іске
 асыратын білім беру
 саласындағы уәкілетті
 органмен келісілген
 бағдарламалар бойынша
 біліктілікті арттыру
 курстары (Нормативтік
 құқықтық актілерді
 мемлекеттік тіркеу
 тізілімінде № 30068
 болып тіркелген)

= 0,5 балл (әрқайсысы
 бойынша жеке)



12.

Мемлекеттік білім беру
 гранты бойынша білім
 алған жоғары және
 жоғары оқу орнынан
 кейінгі білім беру
 ұйымының түлегі, "
 Дипломмен ауылға!", "
 Серпін" мемлекеттік
 бағдарламаларының
 қатысушысы, Жұмыспен
 қамту орталығы жастар
 тәжірибесі бойынша
 жіберілген педагог
 
 

Мемлекеттік білім беру
 гранты иегерінің
 сертификаты,
 келісім-шарты
 
 

3 балл қосылады




Лауазымдық міндеттері: 

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;

      білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;

      білім алушыда педагогқа құрметпен қарауға тәрбиелейді, педагогтың аты мен әкесінің аты бойынша сыпайы қарым-қатынас немесе "учитель/мұғалім" тікелей қарым-қатынас арқылы қарым-қатынастың іскерлік стилі мен сөйлеу этикетін сақтауға үйретеді;

      білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;

      пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды;

      бөлім бойынша жиынтық бағалауды және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу қорытындысы бойынша талдау жүргізеді;

журналдарды (қағаз немесе электрондық)толтырады;

      оқу үрдісінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;

      оқу процесінде қарапайым бағдарламалық қамтамасыз етуді және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қосымшаларын пайдаланады;

      білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, Жүйелік-қызметтік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

      оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді;

      білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерделейді;

      инклюзивті білім беру үшін жағдай жасайды;

      ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларын бейімдейді;

      арнайы білім беру ұйымдарында оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамудағы ауытқуларды барынша еңсеруге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу бойынша жұмысты жүзеге асырады;

      интерактивті оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту режимінде сабақтар ұйымдастырады;

      әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;

      ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады;

      ата-аналарға кеңес береді;

      кәсіби құзыреттілікті арттырады;

      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды;

      білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

      ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады;

      білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

       Білуге тиіс:

       Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы" заңдары, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;

      оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;

      педагогика мен психология;

      пәнді оқыту әдістемесі, тәрбие жұмысы, оқыту құралдары және олардың дидактикалық мүмкіндіктері;

      педагогикалық этиканың нормалары;

      медиация техникасы және қақтығыстарды шешу мүмкіндігі;

      оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптар;

      құқық негіздері және еңбекті, экономиканы ғылыми ұйымдастыру;

      еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.

Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

      1) "педагог":

      оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін, оқыту және бағалау әдістемесін білуі тиіс;

      білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлау және ұйымдастыру;

      білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал ету;

      білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу;

      білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру;

      кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгеру, сандық білім беру ресурстарын қолдану;

      2) "педагог-модератор":

      "педагог" біліктілігінің жалпы талаптарына, сондай-ақ:

      оқытудың инновациялық формаларын, әдістері мен құралдарын қолдану;

      білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес білім беру ұйымы, аудан (облыстық маңызы бар қала) деңгейінде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың қатысушылары немесе жүлдегерлері немесе жеңімпаздары болуы немесе кәсіби шеберлік конкурсының қатысушысы немесе жүлдегері немесе жеңімпазы болуы;

      3) "педагог-сарапшы":

       "педагог-модератор" біліктілігінің жалпы талаптарына сәйкес келу, бұдан басқа:

      ұйымдастырылған оқу қызметін, оқу-тәрбие процесін талдау дағдыларын меңгеру;

      білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын сындарлы түрде айқындау;

      білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) деңгейіндегі олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың, облыс деңгейіндегі конкурстардың, жарыстардың қатысушылары немесе жеңімпаздары немесе жүлдегерлері болуы;

      облыстың, елдің телевидениесінде трансляциялау үшін енгізілген бейне -, телесабақтар дайындау (Бар болса);

      4) "педагог-зерттеуші":

      "педагог-сарапшы" біліктілігінің жалпы талаптарына, сондай-ақ:

      сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгеру;

      білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;

      облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде тәжірибені жабдықтау (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін);

      білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес облыстық, республикалық, халықаралық деңгейлерде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың қатысушылары немесе жеңімпаздары немесе жүлдегерлері болуы;

      "Қазақстан мұғалімі" ұлттық сыйлығының қатысушысы немесе жүлдегері немесе жеңімпазы, "Үздік педагог" атағының иегері (болған жағдайда) болу;

      аудан (облыстық маңызы бар қала), облыс (бар болса)деңгейінде педагогикалық қоғамдастықта тәлімгерлікті жүзеге асыру және даму стратегиясын сындарлы айқындау;

      тиісті уәкілетті органның ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары ұйымдастырған педагогтар үшін семинарлар, конференциялар ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Білім мазмұнын сараптау Республикалық ғылыми-практикалық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "сарапшылардың электрондық базасына" (бұдан әрі-білім мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығы) немесе техникалық және кәсіптік білім департаменті (болған жағдайда) жанындағы РОӘК ұсынған (бұдан әрі - ТжКБД) оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу – әдістемелік құралдарды сараптау жөніндегі сарапшылардың құрамына кіру;

      елдің, облыстың теледидарында трансляциялау үшін енгізілген, білім беру порталдарында орналастырылған бейне -, теле сабақтар дайындау (Бар болса);

      интернет-ресурстарды пайдалана отырып, жұмыс тәжірибесін тарату;

      5) "педагог-шебер":

      "педагог-зерттеуші" біліктілігінің жалпы талаптарына, сондай-ақ:

      Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жанындағы РОӘК-те мақұлданған авторлық бағдарламасы болуы тиіс. Білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен немесе ЖЖОКБҰ жанындағы РОӘК ұсынған оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар тізбесіне енгізілген шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) немесе тест тапсырмаларын, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді сараптау жөніндегі сарапшылар құрамына кіруі немесе WorldSkills чемпионаттарының сарапшысы немесе педагогтардың біліктілігін арттыру бойынша жаттықтырушы болуы;

      білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес республикалық немесе халықаралық кәсіптік конкурстардың немесе олимпиадалардың жүлдегері немесе жеңімпазы болу немесе республикалық немесе халықаралық деңгейлерде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың жеңімпаздарын немесе жүлдегерлерін дайындау;

      білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес республикалық немесе халықаралық кәсіптік конкурстардың немесе олимпиадалардың жүлдегері немесе жеңімпазы болу немесе республикалық немесе халықаралық деңгейлерде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың жеңімпаздарын немесе жүлдегерлерін дайындау;

      "Қазақстан мұғалімі" ұлттық сыйлығының қатысушысы немесе жүлдегері немесе жеңімпазы, "Үздік педагог" атағының иегері (болған жағдайда) болу;

      интернет-ресурстарды пайдалана отырып, жұмыс тәжірибесін тарату;

      тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс, республика деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау (бар болса);

      республикалық білім беру мазмұнын сараптау Ғылыми-практикалық орталығының "Сарапшылардың электрондық базасына" сәйкес оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды сараптау жөніндегі немесе ТКББД жанындағы РОӘК ұсынған сарапшылар құрамына кіру;

      республика деңгейінде тәжірибені жинақтау, тиісті уәкілетті органның ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары ұйымдастырған педагогтар үшін семинарлар, конференциялар ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;

      елдің, облыстың теледидарында трансляциялауға енгізілген, білім беру порталдарында орналастырылған бейне-сабақтар, телесабақтар дайындау (бар болса).




Еңбек ақы төлеу мөлшері: (Еңбек өтілі, санаты, біліміне қарай) 192568  мын теңге.

Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап  31.12.2024, 05-06.01.2025, 08-13. 01.2025 күндерін көса алғанда жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив