Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл » «Қожагелді батыр атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Ақсуат ауданы бойынша білім бөлімінің
«Қожагелді батыр атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72346) 2-13-54
Есепші бөлімі:
+7(72346) 2-22-72
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл
16
сәуір
2025

Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл

🎶Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл...

🎵«Куә бол» — Нұрғиса Тілендиевтің жүрекке ерекше әсер ететін, халық арасында кеңінен таралған терең мағыналы туындысы. Бұл әннің сөзі белгілі ақын Тұманбай Молдағалиевке тиесілі. Музыка мен поэзияның үйлесімінен туған бұл шығарма — махаббат пен шынайы сезімдердің символы ретінде қабылданады.

✍Нұрғиса Тілендиев бұл әнді жазу кезінде адамның жан дүниесіндегі тазалықты, табиғатпен үндескен сезім әлемін жеткізуді мақсат еткен. Әннің әуені терең сырға толы, кең тынысты, ұлттық нақышта жазылған. Ол қазақ даласының кеңдігін, жастық махаббаттың шынайылығын, табиғатпен үйлесімін сезіндіреді.

«Куә бол» әні алғаш рет 1970-жылдары жарық көріп, бірден тыңдармандардың жүрегінен орын алды. Әнде шынайы махаббатқа табиғаттың өзі — жұлдыз, ай, өзен, терек пен Алатау куәгер ретінде бейнеленеді. Бұл — қазақтың табиғатқа жақын өмір салтын, дүниетанымын сипаттайтын терең философиялық туынды.

🔮Әнді алғашқылардың бірі болып халық әртісі Роза Рымбаева орындады. Кейін бұл әнді Дос-Мұқасан тобы, Мұрат Құсайынов, Алма Аманжолова сынды көптеген өнер иелері шеберлікпен жеткізді. Осылайша, «Куә бол» әні қазақ музыкасының алтын қорына енді.Бұл шығарма әлі күнге дейін сахнада, тойларда, естелік кештерде орындалып, тыңдарманның жанын тербетіп келеді. «Куә бол» — махаббат пен адалдықтың, табиғат пен адам арасындағы тылсым байланыстың музыкалық бейнесі.

🎵"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасының сәуір еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік айында "Шабыт" жобасы аясында "Куә бол" әнін әуелете орындаған 6"Б" сынып оқушысы Сайлауғазы Мөлдір.

🎶Ұйымдастырған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Амангүл Керейханқызы.

Бейнеролик 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив