14
қаңтар
2025
1000-ға жуық асық жинаған оқушымыздан "Хабар" телеарнасының журналистері сұхбат алды.
⚜Ұлттық ойын...ұлттық құндылықтар...ұлттық арна...
⚜Бүгін, мектебімізге Хабар телеарнасының журналистері іс сапармен келді. Журналистерді қарсы алған оқушылардың жүздерінде қуаныш пен құрметті байқадық! Басты кейіпкер - НУРАЯН!
Зал ұлттық ойынымыз асық ойнаған Нураянның сыныптастарына, достарына, ұстаздарына толы болды.
⚜Телеарна жүргізушілері Бота мен Серік залдың ұлттық нақышта безендірілуі мен ұлттық киім киген оқушыларды көріп, қуанып, көп баланың ішінен Нураянды іздеп, амандасып, сұхбаттасып, іздегендерін тапқандай болды.
⚜Қоржынға салып, 1000-ға жуық асық жинаған бала Амантай Нураян - мектебіміздің 7 «Б» сынып оқушысы, оқу озаты, алгебра, геометрия пәндерін сүйіп оқиды, болашақта құқық қорғау органының қызметкері болғанды армандайды.
⚜Қазақтың ұлттық ойыны-Асық атуды ойнағанды, тайға, атқа мінгенді ұнатады. Хоббиі - асық жинау. 2 жылға жуық асық жинап, Республика күнінде - ешкінің, тоқтының, қойдың 750 асығын жинады, қазіргі таңда асық жинауды жалғастыруда - 1000-ға да жетіп қалды. Асықтың үлкен, әрі шымыр түрі- сақасы да бар. Сынып оқушыларымен, достарымен, ағасымен асық атуды ойнап, асық иірімдерін жылдам жасайды. Отбасында үй шаруаларына көмектесіп, ата-анасына қолғанат. Спортпен айналысқанды ұнатады, жасөспірімдер арасындағы бокстан аудандық біріншілік турнирлерінде жүлдегер атанды.
⚜Жүргізушілер мектеп директоры Е.Абсалямовтан, сынып жетекшісі А.Омаровадан, Нураянның асық ойнайтын досы Мансурдан, сыныптас досы Біржаннан сұхбат алып, өздері де қызығушылық танытып, балалармен асық ойнап, балалықтарын естеріне алғандай болды. "Біртұтас тәрбие " бағдарламасы аясында өткізіліп жатқан құнды шараларды көрген жүргізушілер оқушыларға, мектеп ұжымына ризашылықтарын білдіріп, жұмыстарына жігер алып, келесі түсірілімге асығып бара жатты.
⚜Нұраянның бойында ұлттық құндылықтарға деген рухын жігерлендірген әкесі Нұржан мен анасы Назгүлге Алғыс білдіреміз!
⚜Оқушыларға ұлттық құндылықтарды дәріптей отырып, жігерлі патриот болуға тәрбиелейтін іс - шараны ұйымдастырған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Сұлтанбекова.
⚜Нураянға асығың алшысынан түссін демекпіз!
Ұлттық ойын, ұлттық құндылықтарды насихаттау