07
қаңтар
2025
Мектебіміздің оқушысы 1000-ға жуық асық жинаған.
⚜1000-ға жуық асық жинаған бала Амантай Нураян- мектебіміздің 7 «Б» сынып оқушысы, оқу озаты, алгебра, геометрия пәндерін сүйіп оқиды, болашақта құқық қорғау органының қызметкері болғанды армандайды.
⚜Нураян - көп балалы отбасының баласы, отбасында 6 бала бар, 2 апайы-студент, 1 ағасы, 1 қарындасы мектеп оқушысы, 1 бауыры-бала бақшада. Әкесі-Бегенов Нұржан мектеп жанындағы интернатта оператор болып жұмыс жасайды.
Анасы Жұмаханова Назгүл көп балалы ана,«Күміс алқа» иегері.
⚜Қазақтың ұлттық ойыны-Асық атуды ойнағанды, тайға, атқа мінгенді ұнатады. Хоббиі - асық жинау. 2 жылға жуық асық жинап, Республика күнінде - ешкінің, тоқтының, қойдың 750 асығын жинады, қазіргі таңда асық жинауды жалғастыруда - 1000-ға жеткізуді жоспарлауда. Асықтың үлкен, әрі шымыр түрі- сақасы да бар. Сынып оқушыларымен, достарымен, ағасымен асық атуды ойнап, асық иірімдерін жылдам жасайды. Отбасында үй шаруаларына көмектесіп, ата-анасына қолғанат.
Спортпен айналысқанды ұнатады, жасөспірімдер арасындағы бокстан аудандық біріншілік турнирлерінде жүлдегер атанды.
⚜Нураянның ұлттық ойынымыз асық атуды дәріптегенін, асық жинап жүргенін жарыққа шығаруды қолдаған сынып жетекшісі Омарова Айгул Болатбекқызына шығармашылық табыс тілейміз!
⚜Нұраянның бойында ұлттық құндылықтарға деген рухын жігерлендірген ата - анасына Алғыс білдіреміз!