"Рахмет саған, мектебім!" » «Қожагелді батыр атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Ақсуат ауданы бойынша білім бөлімінің
«Қожагелді батыр атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72346) 2-13-54
Есепші бөлімі:
+7(72346) 2-22-72
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
мамыр
2024

"Рахмет саған, мектебім!"

🔔Соңғы қоңырау...мектеппен қоштасу әні...мектеп вальсі...түлектер лебізі...бата...Ақ жол, жас түлек!.

🔔Бүгін, яғни 25 мамыр күні мектебімізде мектеп бітіруші түлектерге арналған "Рахмет саған, мектебім!" тақырыбында Соңғы қоңырау салтанатты жиыны өтті.

🔔Жиында мектеп директоры Абсалямов Ербол Қалымбекұлы ұстаздарды, ата - аналарды, мектеп түлектерін Соңғы қоңырау мерекесімен құттықтап, оқу жылындағы ұстаздар мен оқушылардың жетістіктерін атап, қорытынды жасады. Білім беру саласында адал еңбек етіп, өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі ерең еңбектері үшін ұстаздарды облыстық, аудандық, мектепішілік Мадақтамамен марапаттады.

🔔Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ғ.Атыханов құттықтау сөз сөйлеп, түлектерге сәттілік тіледі.

🔔Нұрғазезова Алмагүл Нұрғазезқызы, техника ғылымдарының кандидаты, профессор, Шәкәрім университетінің Ғылыми кадрларды дайындау және аттестаттау бөлімнің басшысы "Алтын белгі" үміткерлеріне университеттің грант иегері сертификатын табыстады.

🔔Сынып жетекшілері атынан Абсалямова Гульнара Ануарбековна құттықтау сөз сөйлеп, түлектерге сәттілік тіледі.

🔔"Алтын белгіге" үміткер түлектер Байжұмаева Аяжан мен Турыскалиева Асель құттықтау сөз сөйлеп, жас түлектерге Сәт сапар тіледі.

🔔Түлектер ұстаздарына, алтын ұя мектептеріне алғыстарын өлең жолдары арқылы жеткізіп, әндер жиынтығын орындап, мектеп вальсін биледі.

🔔Соңғы қоңырау соғу рәсімі түлектерге берілді.

🔔Мектебіміздің түлегі Ильясов Расулдың атасы Назар Әшкенұлы түлектерге алдағы өмір жолына сәттілік тілеп, бата берді.Әжелер шашу шашты.

🔔Сәт сапар, Жас түлек.

Бейнеролик
Бейнеролик
Бейнеролик​​​




Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив