"Ы.Алтынсарин" төсбелгісінің иегері » «Қожагелді батыр атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Ақсуат ауданы бойынша білім бөлімінің
«Қожагелді батыр атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72346) 2-13-54
Есепші бөлімі:
+7(72346) 2-22-72
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ы.Алтынсарин" төсбелгісінің иегері
11
наурыз
2024

"Ы.Алтынсарин" төсбелгісінің иегері

🌺Бүгін, мектебімізде Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрлігінің "Ы.Алтынсарин" төсбелгісінің иегері, "педагог-шебер" бiлiктiлiк санатындағы ұстаз, педагогика ғылымдарының кандидаты, орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімі, көп балалы Ана Оспанова Нұргүл Төлегенқызына арналған "Ұстазға құрмет" атты қарсы алу рәсімі өтті.

🌺Нұргүл Төлегенқызын әріптестері мен оқушылар мектептің алдынан қошеметпен күтіп алып, "Ұстаз" әнімен ортаға шақырды. ҚР Оқу - ағарту министрінің қабылдауында болған бейнероликтен бастау алған рәсімнің алғашқы құттықтау сөзін аудандық білім бөлімінің бас маманы Долдина Гулмира Искаковна ашып, ұстаздың еңбек жолындағы табыстарды атап, марапатымен құттықтады.

🌺Мектеп директоры Ербол Қалымбекұлы әріптесімізді ұстаздық еңбек жолындағы тынымсыз еңбегі мен ізденісінің үлкен марапатқа ие болуымен құттықтап, әріптеске ризашылығын білдірді.

🌺Оқушыларға білім мен тәрбие берудегі үздіксіз ізденістің, қажырлы еңбектің бағаланған марапат иесін әріптестері атынан Дина Ивановна құттықтады.

🌺Ұстазға, ұстаз еңбегіне құрмет көрсеткен әріптестері мен оқушыларға Алғыс білдірген Нұргүл Төлегенқызы оқу - ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлымен кездескендегі әсерімен бөлісе отырып, білім саласындағы үздіксіз өзгерістер мен болашақтағы білімді жастардың мүмкіндіктерін де айта кетті.

🌺Үнемі шығармашылық ізденісте жүретін, бала жүрегіне жол таба білетін, білім саласындағы жаңашылдықты әріптестерімен бөлісе білетін ерекше ұстазды марапатымен құттықтаймыз және әріптесімізді мақтан етеміз, құрметтейміз.

🌺Әріптесімізді үлкен марапатымен құттықтай отырып, еңбегіне табыс, отбасына денсаулық пен бақыт тілейміз!

Бейнеролик​​​






Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив