"Музей түні" » «Қожагелді батыр атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Ақсуат ауданы бойынша білім бөлімінің
«Қожагелді батыр атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72346) 2-13-54
Есепші бөлімі:
+7(72346) 2-22-72
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
мамыр
2024

"Музей түні"

📣18 -мамыр Дүниежүзілік Музей күніне орай интернат тәрбиеленушілері аудандық өлкетану мұражайында өткен"Музей түні" шарасының қонақтары болды.

🔮Тәрбиеленушілер "Музей өлкенің тарихы - халықтың қазынасы" бағдарламасы бойынша алдымен осы ауданымыздағы Ақсуат өлкетану мұражайының негізін салушы, алғашқы директоры Қ.С.Ақжасаровтың "Өмірі мен қызметі" жайлы фото көрмемен танысты. Сурет галереясында қойылған суреттерді тамашалады.

🏔Ұлтымыздың ұлттық ойындары, "Бес тас", "Арқан тарту" ойындарын ойнап, ұлтымыздың көне ғұрып-дәстүрлері жайлы сұрақтарға мүдірмей жауап беріді.

📣Ертегі кейіпкерлері қойылымын тамашалап, мұражай экспозицияларын тамашалады.

📣Мұражай басшысы Құралай Қонысбекқызы, басқа қызметкер ризашылықтарын білдіріп, тәрбиеленушілердің барлығына Мадақтамамен тәттілер тарту етті. Осы шараны ұйымдастыруға үлес қосқан интернат тәрбиешісі Қорлан Құрманғалиқызына ризашылықтарын білдірді.

📣18 -мамыр Дүниежүзілік Музей күніне орай барлық тәрбиеленушілер атынан Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз!.



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив