14
ақпан
2024
"Ауғанның отты жылдары". Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу
🔥Интернационалист - жауынгер...Ауғанның ақиқаты...отты жылдар...
🔥Мектеп жанындағы интернат тәрбиешілері Қасенова Қорлан Құрманғалиқызы, Қалиев Руслан Социалұлы және Қапасова Жанаргүл Ахметкаримовналар бірлесіп "Ауғанның отты жылдары..." атты тақырыпта ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өткізді.
🔥Кездесуде интернат тәрбиеленушілерімен қонаққа Ауған жерінде әскери борышын өтеген жерлестеріміз Нұртас Тұрысбекұлы мен Айтқали Тұрсынұлы қатысып, отты жылдардан естелік айтты. "Еркін микрофон" беріліп, балалар өз ойларында жүрген сұрақтарын қою арқылы ой бөлісті.
🔥Балалар дойбы жарысына қатысып, жүлделі орындарға ие болып, мектеп директоры мадақтамасы мен тәрбиешілер сыйлығына ие болды. Дойбы жарысына қатысқан барлық балаларға тәттілер тарту етілді.
🔥Дойбы жарысында 1 орынға ие болған Әділетұлы Сағындық, 2 орынды Төлеубек ұлы Дамир, 3 орынды Әскербекқызы Айкөркем иеленді.
🔥Бекзат Серікұлы, Елжас Дарынұлы, Діннұр Серікқызы, Ерсұлтан Сарсенбаевтар ынталандыру сыйлықтарына ие болды. Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!.
🔥Кездесу өте әсерлі өтті. Тәрбиеленушілерді патриоттық тәрбиеге бағыттаудағы тәрбиешілердің шығармашылық еңбектеріне табыс тілейміз!.