Интернатта өткен "Ұлыстың Ұлы күні - Әз Наурыз" мерекесі » «Қожагелді батыр атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Ақсуат ауданы бойынша білім бөлімінің
«Қожагелді батыр атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72346) 2-13-54
Есепші бөлімі:
+7(72346) 2-22-72
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Интернатта өткен "Ұлыстың Ұлы күні - Әз Наурыз" мерекесі
15
наурыз
2024

Интернатта өткен "Ұлыстың Ұлы күні - Әз Наурыз" мерекесі

⚜Наурыз мерекесіне орай интернатта "Ұлыстың Ұлы күні - Әз Наурыз" тақырыбында мерекелік тәрбиелік мәні бар іс-шара жоғарғы деңгейде өтті.

⚜Интернат ұжымы мен тәрбиеленушілер бір кісідей қатысып, ұлтымыздың ұлттық құндылықтары, салт-дәстүрлі түрлерінен көрініс көрсетті.

⚜"Көрісу, Аластау" рәсімін Жанагүл Құнантаева, "Шашу" рәсімі зейнеткер Зәуреш апа, Жарапазан айтушылар: Нұрәлі Әділетұлы, Бейбарыс Нұрбекұлы, "Бесікке салу" рәсімін Шолпан Қапсаметқызы мен Бағила Майданқызы, Наурыз көже дайындау технологиясын аспаз Сәуле Советқызы, Маржан Абдолла қызы, Ұлттық ойындарды Руслан Социалұлы, Ұршық иіру тәсілін Мейрамгүл Зейнелғабиденқызы, Құрақ құрау өнері мен келі түю дәстүрін Алмагүл Нұрахметқызы, Күлшат Алмабекқызы, шараның көркін әнмен қыздырған Сәуле Санақбекқызы, Балжан Серіккызы, Наурыз батасын Сатыбалды Ақанұлы берді. Іс-шараға мектеп директорының оқу ісі бойынша орынбасары Гүлжан Слямбекқызы қатысып құттықтады. Тәрбиеші Қорлан Құрманғалиқызы биылғы Наурыз мерекесін атар өтудің ерекшеліктері мен логотипін таныстырды. Залдың безендіру жұмыстарына, дастарханның молшылығына ұжым бір кісідей атсалысқан барлық тәрбиешілерге алғыс білдіреміз!



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив