"Ұлттық сезім" жобасы » «Қожагелді батыр атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Ақсуат ауданы бойынша білім бөлімінің
«Қожагелді батыр атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72346) 2-13-54
Есепші бөлімі:
+7(72346) 2-22-72
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
ақпан
2024

"Ұлттық сезім" жобасы

⚜"Ұлттық сезім" жобасы аясында әр аптаның жұма күні мектеп жанындағы интернатта ұлттық құндылықтарды дәріптеуде өнеге сабақтары өтуде.

⚜Интернат тәрбиешісі Карибасова Гулжан Қамбарқызы "Ұлттық құндылықтар-ұлт болашағы" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.

⚜Мақсаты: ұлттық мирасты, мәдениетті дамыту, дәріптеу.

⚜Интернатта тәрбиеленушілер арасында ұлттық құндылықты дәріптей отырып, Ғабит Әділханұлы қыз балаларға Бес тасты қалай ойнайтын әдісін, Шолпан Қапсаметқызы ұлттық әшекей-бұйымдардың көнеден келе жатқанын, әдемілік пен тазалықтың символы әшекейлердің түрлерін атап, Жанат Әмірғалиқызы ұлттық ойын асықтың ойнатып, тәрбиеленушілерге ынталандыру сыйлығын берді. Гүлжан Қамбарқызы қазақтың ұлттық тағамдары жайлы жеке-жеке тоқталып айта кетті, "Бір мақалға- Бір тәтті" беріп, балалардың ынтасын оятты.

⚜Интернаттағы тәрбиеленуші Мейрамбекқызы Қарақат қазақтың ұлттық киімдерін дәріптеп, Төлеубаев Дамир қазақтың ұлттық ойыны асықтың сипаттарының атауын айтып берді.

⚜Ұлттық мақтанышымыз болған ұлттық құндылықтарымыз арта берсін.

Бейнеролик​​​
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив