03
наурыз
2024
"Мектебім - мейірім мекенім" атты шығармашылық көрме ұйымдастырылды.
✅1 Наурыз - Алғыс айту күніне орай мектебіміздің 2019 жылғы түлегі Кәрібасов Бауыржан "Мектебім - мейірім мекенім" атты шығармашылық көрмесін ұйымдастырып, өзінің түлеп ұшқан мектебінің макетін жасап, ұстаздары мен мектебіне Алғыс ретінде тарту етті. Көрмеге Бауыржанның сабақ берген ұстаздары, оқушылар, қолдаушылары, туыстары мен ата-анасының достары қатысты.
✅Макет 2023 жылдың сәуір айынан басталды. Макеттің сыртқы дизайны материалы - ПЕНОКАРТОН-нан, ал шатыры ПОЛИСТИРОЛ -дан жасалған. Астыңғы құрылымы ДСП ағашынан қойылды.Макеттің аумағы: ені- 90 см, ұзындығы - 90х52см.
Макеттің идея авторы - Карибасов Еркін ағасы, құрастырушы - Бауыржанның өзі.
✅Шығармашылық көрменің ашылуында мектеп директоры Ербол Қалымбекұлы Бауыржанға және ата-анасына Алғыс хат табыстады.
✅Бауыржанның анасы Карибасова Гулжан баласының бойындағы өнерге деген қабілетіне жол ашқан ұстаздары мен шығармашылық көрмеге келген қонақтарға аналық Алғысын білдірді.
✅Көрмені тамашалаған қонақтар ерекше әсерлерімен бөлісіп, көрмені тамашалады. Бауыржанға қолдау білдірді.
✅Мектеп түлегі Бауыржанға қылқаламының ұшы мұқалмасын,шығармашылық талабы өрлей берсін деп Алғыс білдіреміз.
✅Ұйымдастырған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Сұлтанбекова
Бейнеролик