06
ақпан
2024
ДАУ-ДАМАЙЛАРДЫ ШЕШУ
ДАУ-ДАМАЙЛАРДЫ ШЕШУ
Кикілжің дегеніміз – күрделі қайшылықтардың пайда болуы, қарама-қарсы қызығушылықтардың қақтығыстары, күшті эмоциялық көңіл-күйлерге байланысты әр түрлі мәселелерге өзара түсіністіктің болуы. Кикілжің – бұл келіспеушілік, яғни басқа адамның пікірімен келіспеген жағдайда пайда болады.
Кикілжіңнің пайда болу себептері:
- Түсініспеушіліктен;
- Ренжуден;
- Ашуланудан;
- Келіспеушіліктен.
Жанжалдың жағымды жағы:
- Бір-бірін түсінуге ұмтылады;
- Бір-біріне көмектеседі;
- Ынтымақтасады;
- Бір-біріне зер салып тыңдайды;
- Бір-бірін кешіреді;
- Жымияды;
- Бірге жұмыс істейді және жанжалды шешеді;
- Бір-бірінің сезімін түсінуге тырысады;
- Әңгімені доғаруға тырысады.
Жанжалдың жағымсыз жағы:
- Дауласып айтысады;
- Бір-біріне айқайлайды;
- Бір-біріне күдікпен қарайды;
- Жеңуге тырысады;
- Бір-бірін алдап кетеді;
- Бір-бірімен бәсекелеседі;
- Бір-бірін кінәлайды;
- Бір-біріне ашуланады.
Кикілжің болған жағдайда өз-өзіңді ұстай біл, өзіңді тоқтата біл:
- Көңіл-күйіңді басқара біл. Үнемі көңілді, күліп жүр!
- Серігіңнен өзінің тілек, талабын сабырмен түсіндіруін талап ет;
- Оның талап- тілектері мен айтқандарының мағынасын дұрыс қабылда;
- Серігіңе сыйластық сезіміңді көрсете отырып, түсінушіліктен болған арадағы жағдайға қиналатыныңды айт;
- Қарама-қайшы ойлар шешімін тапқан соң, ол адаммен қарым-қатынасыңды сақтауға тырыс;
- Кінәлі болсаң, кешірім сұрауға ұялма. Біріншіден, ашудың алдын аласың. Екіншіден, саған көзқарасы өзгереді.
- Егер серінің соншалық ашу- ызаға берілсе, оның ішкі сезім күштерін төмендетуге көмектесу керек.оның ашулы сәтінде өзіңді сабырлы, сенімді ұста.
- Серігіңнен өзінің тілек талабын сабырмен түсіндіруін талап ет. Осы жағдайға байланысты тек қана тақты дәлелдер мен мысалдарды ғана негізге алуын түсіндір.
- Ашуды күтпеген әдістермен қайтар. Серігіңнен сенімді түрде басқа бір кеңестер сұра, бірақ бұл кеңестер оған маңызды болуы тиіс. Оған әр түрлі әзіл- қалжыңдар айт.
- Серігіңе қарсы баға берудің орнына өз сезімдеріңді айт.
- Қиындық туғызған мәселемен өзің қалаған соңғы шешімді мақұлдауын сұра.
- Серігіңе шешімін таппаған мәселелер жөніндегі ойын және одан шығудың жолдарын айтқызып көр.
- Қандай жағдай болмасын серігіңе өз пікірін сақтауға мүмкіндік бер.
- Оның талап тілектері мен айтқандарынын мағынасын дұрыс қабылда.
- Өзіңді тең ұста. Өзіңді сенімді, сабырлы ұста.
- Кінәлі болсаң кешірім сұрауға ұялма.