ҰЛТТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДАН ТҮЙІН... » «Қожагелді батыр атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Ақсуат ауданы бойынша білім бөлімінің
«Қожагелді батыр атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72346) 2-13-54
Есепші бөлімі:
+7(72346) 2-22-72
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҰЛТТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДАН ТҮЙІН...
28
сәуір
2025

ҰЛТТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДАН ТҮЙІН...

🌐Алматы...Lesson study...сабақты зерттеу...

🌐ҰЛТТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДАН ТҮЙІН...
Ұлттық конференция Lesson Study-ді ілгерілетуге және енгізуге мүдделі ең табысты мұғалімдерді тағыда бір арнаға біріктірді. Конференция алаңында сарапшылар , практик педагогтер бірегей зерттеулерді таныстырды. Тақырыптардың сан алуандығы мен мазмұны Lesson Study әдісінің өзектілігі мен сұранысын растады. Конференцияда таныстырылған бірегей зерттеулер - сабақты жақсарту жолындағы бірегей шешімдер. Мұғалімдердің зерттеушілік мәдениетін дамыту және педагог мамандығының трансформациясы мәселелері басты назарда болды.

🌐ҚОНАҚКӘДЕ... Ұлттық конференцияда Ұлы Абай Құнанбаевтың елінен келгендіктен, Абайдың 180 жылдық мерекесінде шетелдік педагогтерге, құнды пікір, ұтымды сұрақ қойған педагогтерге Абайдың "Қара сөздері" кітабы мен значоктар естелік ретінде табысталды.

🌐Мектебіміздің 3 топтың мұғалімдерінің нәтижелі жұмыстары жай ғана қатысуда емес алдын ала үлкен Іс- әрекетті зерттеуден басталуының нәтижесі бүгінгі күні Ұлттық конференцияға қатысуға ұласты. Бірнеше ай мектепішілік коучинг, шеберлік сыныптар, пікірталастар, кездесулерді ұйымдастырған әріптестеріміз командалық жетістікке жетіп, қай тәжірибе бөлісу форматында болсын (симпозиум, шеберлік - сыныптар, ментор сағаты, панельдік пікірталастар, секция, Lesson Study бойынша үздік кейстер көрсететін постер көрмесінде) өздерін еркін сезініп, Педагогикалық Шеберлік орталығының тренерлерімен, шетел ғалымдарымен, республика өңірлерінен келген тәжірибелі ұстаздармен тең қатысуы - біздің команданың қатысу маңыздылығы осында болды. Мектебімізде LESSON Study сабақты зерттеу тәсілі бойынша әріптесіміз, педагогика ғылымдарының кандидаты, педагог - шебер, орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Оспанова Нургуль Тулегеновнаның жетекшілігімен әріптестеріміз үлкен нәтижеге жетіп, Жапон елінде өтетін Халықаралық конференцияға шақырту алды.

🌐Нургуль Тулегеновна өзінің педагогикалық шеберлігі және білімділігімен әріптестерінің педагогикалық қоржынына заманауи тәсілдерді үйретуде. Сізге шығармашылық табыс, отбасыңызға амандық тілейміз!. Білімді шәкірттеріңіз көп болсын!.

#Қожагелді_батыр_атындағы_орта_мектебі_Lesson_study 



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив