ҰЛТТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ КҮНДЕЛІГІНЕН... » «Қожагелді батыр атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Ақсуат ауданы бойынша білім бөлімінің
«Қожагелді батыр атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72346) 2-13-54
Есепші бөлімі:
+7(72346) 2-22-72
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҰЛТТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ КҮНДЕЛІГІНЕН...
23
сәуір
2025

ҰЛТТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ КҮНДЕЛІГІНЕН...

🌐Lesson study...сабақты зерттеу...

🌐ҰЛТТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ КҮНДЕЛІГІНЕН...

🌐25 сәуір, үшінші күн...

🌐Конференцияның негізгі спикерлері қатарында Lesson Study жөніндегі Дүниежүзілік қауымдастықтың Таңдаулы президенті Стефан Клива (Швейцария), Кембридж университетінің профессоры Питер Дадли (Англия), Қазақ ұлттық қыздар Педагогикалық университетінің профессоры Күлзада Құдайбергенева (Қазақстан) сияқты беделді сарапшылар бар.

🌐Конференция қатысушылары алғаш рет атақты Camtree <<Cambridge Teacher Research Exchange>> онлайн-платформасы мен оның бірегей цифрлық кітапханасына қосылу мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ мұғалімдер жапондық мектептегі сабақты зерттеуді онлайн режимде бақылап, өзара талқылап, ауқымды нәтижелі өз ойларымен бөлісті. Айта кету керек, Жапонияда Lesson Study тұтас бір философия ретінде саналады.

🌐Сондай - ақ, әріптестеріміз жапондық мектептегі сабақты зерттеуді онлайн режимде бақылап, өзара талқылады.


🌐Мектебіміздің 3 топтың мұғалімдерінің нәтижелі жұмыстары жай ғана қатысуда емес алдын ала үлкен Іс- әрекетті зерттеуден басталуының нәтижесі бүгінгі күні Халықаралық конференцияға қатысуға ұласты. Бірнеше ай мектепішілік коучинг, шеберлік сыныптар, пікірталастар, кездесулерді ұйымдастырған әріптестеріміз командалық жетістікке жетіп, қай тәжірибе бөлісу форматында болсын (симпозиум, шеберлік - сыныптар, ментор сағаты, панельдік пікірталастар, секция, Lesson Study бойынша үздік кейстер көрсететін постер көрмесінде) өздерін еркін сезініп, Педагогикалық Шеберлік орталығының тренерлерімен, шетел ғалымдарымен, республика өңірлерінен келген тәжірибелі ұстаздармен тең қатысты. Байқасаңыздар, біздің команданың қатысу маңыздылығы осында. Әріптестерімізге шығармашылық өрлеу тілейміз!.

#Қожагелді_батыр_атындағы_орта_мектебі_Lesson_study 

Бейнеролик











Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив