Педагогикалық шеберлік орталығының «Кәсіби диалог: Lesson Study оқуды қалай өзгертеді» ұлттық конференциясы басталды. » «Қожагелді батыр атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Ақсуат ауданы бойынша білім бөлімінің
«Қожагелді батыр атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72346) 2-13-54
Есепші бөлімі:
+7(72346) 2-22-72
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Педагогикалық шеберлік орталығының «Кәсіби диалог: Lesson Study оқуды қалай өзгертеді» ұлттық конференциясы басталды.
21
сәуір
2025

Педагогикалық шеберлік орталығының «Кәсіби диалог: Lesson Study оқуды қалай өзгертеді» ұлттық конференциясы басталды.

🌐Lesson Study...кәсіби диалог...кәсіби алаң...педагогикалық шеберлік...педагогтік көзқарас...зерттеу...пікір...

🌐Бүгін, Алматыда «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының «Кәсіби диалог: Lesson Study оқуды қалай өзгертеді» ұлттық конференциясы басталды.

🌐ҰЛТТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ КҮНДЕЛІГІНЕН...

🌐23 сәуір, бірінші күн...

🌐Кәсіби алаңда сабақты зерттеуді жүйелі түрде жүргізіп жүрген 550-ден астам
отандық және шетелдік педагог кездесуде.
«Кәсіби диалог» бағдарламасында креативті
форматтар, үздік кейстер мен қазіргі білім берудің өзекті тақырыптары қамтылған.

🌐Конференцияның негізгі спикерлері қатарында Lesson Study жөніндегі Дүниежүзілік қауымдастықтың Таңдаулы президенті
Стефан Клива (Швейцария), Кембридж университетінің профессоры Питер Дадли (Англия), Қазақ ұлттық қыздар Педагогикалық университетінің профессоры Күлзада Құдайбергенева (Қазақстан) сияқты беделді сарапшылар бар.

🌐Конференция қатысушылары алғаш рет атақты Camtree <<Cambridge Teacher Research Exchange>> онлайн-платформасы мен оның бірегей цифрлық кітапханасына қосылу мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ мұғалімдер жапондық мектептегі сабақты зерттеуді онлайн режимде бақылап, өзара талқылауда.

🌐Ұлттық конференцияда Ақсуат ауданынан мектебіміздің 11 ұстазы, 3 топтың жұмысын көрсетуде.

🌐Әріптестеріміз Н.Оспанова, М.Секенова, Қ.Дузбаева, С.Қинаятова, А.Сұлтанбекова, Б.Алтаева, Г.Тундикбаева, А.Алдажарова, Ш.Сылбырбаева, Г.Ильясова, Г.Нурғалиева қатысып, сабақты зерттеу, зерттеуден кейінгі талдау, оқу сауаттылығын қалыптастыру, білім алушылардың білімін арттыру, теория мен тәжірибе, сабақтың табысты болуы, креативті дағды, зерттеу оқушыны қалай өзгертті, стратегиялардың құндылығын қамтыған постерлерін қорғап, іс - тәжірибе алмасуда. Әріптестерімізге сәттілік тілейміз!

#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Ақсуат
#Абайоблысыбілімбасқармасы
#lessonstudy 


Бейнеролик



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив