12
қаңтар
2025
Мектебімізде кезекті педагогикалық кеңес өткізілді.
🔷️Педагогикалық кеңес...мәселелер...шешімдер...әдеп нормалары...
Педагогикалық кеңестің КҮН ТӘРТІБІ бойынша 2024 - 2025 оқу жылындағы І жарты жылдығында бастауыш сыныптардағы атқарылған жұмыстар туралы ДОІЖО Г.Абильмажинова баяндама жасап, оқушылардың білім сапасының сараптамасы, бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілік санаттары мен біліктілікті арттыру курстары, пәндердің берілу сапасы, сабаққа қатысудағы талдау, білім сапасын арттырудағы мүмкіндіктер, қысқы каникул шарасын өткізудегі тиімділіктер, пән олимпиадалары мен кәсіби байқауларға сараптама жасап, білім сапасын жақсартуда 3-тоқсандағы тапсырмаларға тоқталды.
🔷️2024 - 2025 оқу жылындағы І жарты жылдығындағы білім сапасының сараптамасы туралы ДОІЖО А.Ахметалина сыныптар бойынша және пәндер бойынша сараптама жасап, І және ІІ тоқсандағы білім сапасының өсу, төмендеу көрсеткіштерінің себебіне тоқталып, пән мұғалімдерінің ұсыныс, пікірлерін тыңдап, сұрақтарға жауап беріп, шешуші 3-тоқсанда білім сапасының нақты, әрі жақсартуы бойынша тапсырмаларға тоқталды. "Алтын белгіге" және "Үздік аттестатқа" үміткер түлектердің тоқсандық қорытындыларына да тоқталды.
🔷️2024 - 2025 оқу жылындағы педагогтерді аттестаттау жұмыстары , педагогикалық әдеп нормалалары туралы ДӘІЖО Ш.Астаев баяндама жасап, педагогтерді аттестаттаудағы өзгерістерді толық таныстырылым жасады. Педагогикалық әдеп нормаларының сақтаудың ережелеріне таныстырылым жасалды.
🔷️Психологтардың І жарты жылдықта жүргізген жұмыстары туралы педагог - психологтар Ә.Ескендірова, Ж.Тусупбекова баяндама жасады. Оқушылардың ортаға бейімделуі, оқуға деген ынтасы, пәндерге бейімделуі мен қызығушылықтары, ата - аналар мен мұғалімдердің қолдауы, буллинг, зиянды әдеттерден аулақ болу, эмоцияларды жену, "KiVa" бағдарламасының іске асуы бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып, мұғалімдерге сауалнама жүргізді.
🔷️Мектеп директоры Е.Абсалямов І жарты жылдық бойынша атқарылған жұмыстар мен нысаналы мектептен шығу жолдары, білім сапасын атқарудағы жұмыстарға оң баға беріп, кемшіліктерді жоюға жұмыс жасауға және ағымдағы мәселелерге тоқталды.