Материалы за 14.01.2025 » «Қожагелді батыр атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Ақсуат ауданы бойынша білім бөлімінің
«Қожагелді батыр атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72346) 2-13-54
Есепші бөлімі:
+7(72346) 2-22-72
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ұлттық ойын...ұлттық құндылықтар...ұлттық арна...Қазақ хандығы...
14
қаңтар
2025
Ұлттық ойын...ұлттық құндылықтар...ұлттық арна...Қазақ хандығы...
Нураянның достары “Қазақ хандығы” үстел ойынын ойнады. Ойынның мақсаты -Қазақ руларын өз туының астына қарсыластарынан жылдамырақ біріктіру. Ойын - ойын алаңынан, 40 рулар аумағынан және 4 әрекет алаңынан тұрады. “Қазақ хандығы “үстел ойыны ойыншыларға жеңімпазды ақ киізде жоғары көтеру үшін, осы еліктірер үрдістің атмосферасына енуге, қазақ руларының қолдауына ие болуына мүмкіндік береді. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыратын, жылдамдық пен еңбекқорлыққа үйрететін шахмат ойынында
1000-ға жуық асық жинаған оқушымыздан "Хабар" телеарнасының журналистері сұхбат алды.
14
қаңтар
2025
1000-ға жуық асық жинаған оқушымыздан "Хабар" телеарнасының
Бүгін, мектебімізге Хабар телеарнасының журналистері іс сапармен келді. Журналистерді қарсы алған оқушылардың жүздерінде қуаныш пен құрметті байқадық! Басты кейіпкер - НУРАЯН!
«Менің Қазақстаным» – оқу аптасының басында бірінші сабақта білім алушылар Қазақстан Республикасының Әнұранын орындайды.
14
қаңтар
2025
«Менің Қазақстаным» – оқу аптасының басында бірінші сабақта білім
💢Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының 2024- 2025 оқу жылына арналған Әдістемелік нұсқаулықтың тәрбие саласы бойынша ерекшеліктерінің бірі АПТА САЙЫН: 💢«Менің Қазақстаным» – оқу аптасының басында бірінші сабақта білім алушылар Қазақстан Республикасының Әнұранын орындайды,- деп көрсетілген. Соған орай әр дүйсенбі күні І және ІІ ауысымның бірінші сабақтағы пән мұғалімдері оқушылармен Мемлекеттік әнұранды бірге орындап, сабақ бастады.
1 "Б" сынып оқушылары мектеп директорының Алғыс хатымен марапатталды.
14
қаңтар
2025
1 "Б" сынып оқушылары мектеп директорының Алғыс хатымен марапатталды.
❄"Біртұтас тәрбие" бағдарламасының қаңтар - заң мен тәртіп айы аясында оқушылардың қысқы демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу мен тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында іс - шараларды шығармашылықпен өткізген 1 "Б" сынып оқушылары мектеп директорының Алғыс хатымен марапатталды.