Оқушыларға » Страница 3 » «Қожагелді батыр атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Ақсуат ауданы бойынша білім бөлімінің
«Қожагелді батыр атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72346) 2-13-54
Есепші бөлімі:
+7(72346) 2-22-72
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мектеп оқушылары мақтаныштарымыз!
21
сәуір
2025
Мектеп оқушылары мақтаныштарымыз!
Семей қаласында өткен атақты композитор Латиф Хамидидің VI Халықаралық байқауына қатысқан А.Байқыдыров атындағы Саз мектебі оқушыларының "Тұмар" ансамблі "Бас жүлдені" жеңіп алды. 🎼Ансамбльдің құрамында мектебіміздің оқушылары бар болуы, біз үшін үлкен қуаныш...
"Жұмысшы мамамандықтары жылы" төңірегінде "Ақсуат колледжі" КММ-не экскурсия жасап қайтты.
21
сәуір
2025
"Жұмысшы мамамандықтары жылы" төңірегінде "Ақсуат колледжі" КММ-не
18.04.2025ж. мектебіміздің 9-сынып оқушылары "Жұмысшы мамамандықтары жылы" төңірегінде "Ақсуат колледжі" КММ-не экскурсия жасап қайтты. Іс-шара барысында балалар колледждің бас ғимараты мен шеберханасындағы әртүрлі мамандықтарға арналған кабинеттер мен цехтар жұмысымен танысты. Колледж ұстаздары мен өндірістік оқыту шеберлері әр құзыреттілік туралы толық мағлұмат беріп шықты. Оқушылар сұрақтар қойып, толық жауап алды.
"JasSkills-2025" І облыстық кәсіби шеберлік чемпионаты болып өтті.
18
сәуір
2025
"JasSkills-2025" І облыстық кәсіби шеберлік чемпионаты болып өтті.
🧱18.04.2025ж."Жұмысшы мамандықтар жылы" аясында Абай облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылындағы '"Ақсуат колледжі" КММ ұйымдастыруымен мекеме базасында "JasSkills-2025" І облыстық кәсіби шеберлік чемпионаты болып өтті. 🧱Бұл іс-шараға мектебімізден, сайыстың ережесіне сәйкес, 3 құзыреттілік бойынша 4 оқушымыз қатысты. "Аспаз ісі" бойынша 9"А" сынып оқушылары Талғатқызы Інжу және "Сән технологиясы" бойынша Илалова Аружан, жетекшілері: еңбек пәнінің мұғалімі Кудабаева Шынар Калидошовна.
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған лездеме ұйымдастырылады.
18
сәуір
2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған лездеме ұйымдастырылады.
🔥Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 8️⃣0️⃣ жылдығына арналған линейкада Ұлы Отан соғысындағы батырларға арналған монолог оқылады.
Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл
16
сәуір
2025
Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл
«Куә бол» — Нұрғиса Тілендиевтің жүрекке ерекше әсер ететін, халық арасында кеңінен таралған терең мағыналы туындысы. Бұл әннің сөзі белгілі ақын Тұманбай Молдағалиевке тиесілі. Музыка мен поэзияның үйлесімінен туған бұл шығарма — махаббат пен шынайы сезімдердің символы ретінде қабылданады. "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасының сәуір еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік айында "Шабыт" жобасы аясында "Куә бол" әнін әуелете орындаған 6 "Б" сынып оқушысы Сайлауғазы Мөлдір.
"Үнемді тұтын - ұқыпты бол!" флайері
15
сәуір
2025
"Үнемді тұтын - ұқыпты бол!" флайері
 "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасының күнделікті "ҮНЕМДІ ТҰТЫНУ" іс - шарасын ұсынған мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Амангүл Керейханқызының "Үнемді тұтын - ұқыпты бол!" флайері Абай облыстық инновациялық - әдістемелік орталықтың келісімімен облыс мектептеріне жұмыс барысында пайдалану ұсынылды. Құттықтаймыз!
Мектебімізде жоспарланған кәсіби бағыт бағдар беру жұмысы ұйымдастырылды.
15
сәуір
2025
Мектебімізде жоспарланған кәсіби бағыт бағдар беру жұмысы
Жоғары гуманитарлық заң және техникалық колледжінің оқытушысы Асұланов Руслан Асұланұлы Ақсуат ауданының "Қожагелді батыр атындағы орта мектебінде" жоспарланған кәсіби бағыт бағдар беру жұмысын өткізді. Оқушыларға жоғары гуманитарлық заң және техникалық колледжі келесі мамандықтар бойынша үлкен ақпарат жеткізді.
Кроль әдісі арқылы жүзу спортынан Ақсуат ауданының біріншілігінде Еркінбек Диас жүлделі ІІ орын иеленді.
15
сәуір
2025
Кроль әдісі арқылы жүзу спортынан Ақсуат ауданының біріншілігінде
Ақсуат ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен Кроль әдісі арқылы жүзу спортынан 2011-2013,       2014-2015 ж.туған жасөспірімдер арасындағы Ақсуат ауданының біріншілігінде Еркінбек Диас жүлделі ІІ орын иеленді.
"Парктер шеруі - 2025" экологиялық слёт
15
сәуір
2025
"Парктер шеруі - 2025" экологиялық слёт
"Семей орманы" РММ Тау - Дала филиалы Үлкен Бөкен орман шаруашылығының ұйымдастыруымен өткен мектеп оқушылары арасындағы "Парктер шеруі - 2025" экологиялық слётіне қатысқан мектебіміздің 8 "А" сынып оқушыларының "Болашақ үшін" командасы жүлделі ІІ орын иеленді және кубокпен марапатталып, сыйлық табыс етілді. Жетекшісі сынып жетекшісі Қинаятова Салтанат Советбекқызы.
"Анамен бірге сурет саламыз" республикалық байқауы
14
сәуір
2025
"Анамен бірге сурет саламыз" республикалық байқауы
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасының наурыз - отаншылдық пен тәуелсіздік айының "Шабыт" жобасы аясында 5 "А" сынып оқушылары Дюманбек Ислам, Сәдібекұлы Игілік, Болатбекұлы Жанмәди Анасымен бірге сурет салып, "Өркен" балалардың әл - ауқатын арттыру ұлттық ғылыми - әдістемелік институтының ұйымдастырған "Анамен бірге сурет саламыз" республикалық байқауынан жүлделі ІІІ орын иеленді.