12
қыркүйек
2024
"Еңбек күні" қарсаңында өткізілген ой-талқы
Қазақстан Республикасы "Еңбек күні" қарсаңында мектебіміздің технология пәнінің мұғалімі, көп жылдар әртүрлі салада еңбек еткен ұстаз Әбдікенов Ғафу Хайроллинович және кәсіптік бағдар беру маманы Толешов Нуржан Толешович 9 "Б", 9"А" сыныптарында ой-талқы жүргізді.Шара барысында Қазақстан Республикасы президентінің ағымдағы жылдың қыркүйек айындағы жолдауында айтылған мәселелер талқыланды.Мәселен келесі жылды, яғни 2025 жылды президент "Жұмысшы мамандар жылы" деп жариялады.Осыған байланысты оқушыларға қарапайым жұмысшы мамандықтар туралы кеңінен мағлұматтар берілді.Балалар ойларын еркін білдіріп, келешекке деген мақсаттарын айқындай түсті.Шара аяғында жұмыстар әрі қарай жалғасын табады деп қорытынды жасалды.
Еңбек күніне орай, 13.09.2024 жылы Ақсуат тарихи-өлкетану музейінде мектеп оқушыларымен тәрбиелік мәнде іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында Қожагелді батыр атындағы орта мектептің кәсіптік бағдар беру маманы Нұржан Төлешұлы және 8 "б" сыныбының жетекшісі Бақытнұр Саматқызы және музей қызметкерлері оқушыларға еңбек құндылығы негіздері және Қазақстан Республикасы президенті Қ.Тоқаевтың қыркүйек айындағы жолдауы туралы сөз сөйлеп, оқушыларға тәрбиелік бағыт-бағдар берді. Атаулы іс-шарада оқушыларға еңбек нарығының сұранысына сай мамандықтар мен мамандықтың мәні жайында және де президенттің келесі жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауы айтылып, болашақта кәсіби маман болу үшін қажетті құндылықтарды меңгеру керегі насихатталып, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.