"Талантты ұстаз - ел өрісі"ардагер мен жас ұстаздардың фестивалі » «Қожагелді батыр атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Ақсуат ауданы бойынша білім бөлімінің
«Қожагелді батыр атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72346) 2-13-54
Есепші бөлімі:
+7(72346) 2-22-72
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Талантты ұстаз - ел өрісі"ардагер мен жас ұстаздардың фестивалі
04
мамыр
2024

"Талантты ұстаз - ел өрісі"ардагер мен жас ұстаздардың фестивалі

🔷️Халықтар достығы...халықтар бірлігі...
талантты ардагер... жас ұстаз...фестиваль...

🔷️Еліміздің болашағы - жас ұрпақтың білім беру мен тәрбие жұмысының алтын көпіріне айналған ардагерлер мен жас мұғалімдерідің байланысын жалғастыра отырып, интеллектуалдық, шығармашылық таланттарды дәріптеу, насихаттау мақсатында 1 Мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі қарсаңында және Оқу - ағарту министрлігінің Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыруда "Талантты ұстаз - ел өрісі!" атты облыстық талантты ардагер мен жас ұстаздардың фестиваліне мектебіміздің көркем еңбек пән мұғалімі, ауған соғысының ардагері Рахымжанов Ержан Рахатович пен жас маман, бастауыш сынып мұғалімі Назарова Назым Болатбекқызы қатысты.

🔷️1 тур: "Ұлтаралық достық, ұлттық тәрбие бойынша инновациялық жобада" ардагер ұстаз Е.Рахымжанов "Қамшы құрылымы" мен жас маман Н.Назарова орыс ұлтының "Кесте тігу " қолөнерін ерекшеліктерімен көрсетіп, презентация жасады.

🔷️2 тур: "Ұлттық өнер көрсету" әріптестеріміз өзбек ұлтының "Михрибанум" күйін домбырада сүйемелдеп, биін биледі, дуэт "Балбырауын" күйін орындап, украин халқының "Пидманула" әнін шырқады.

🔷️3 тур: "Әр ұлттың тағамдары" көрмесінде ұмыт болып қалған "Бүрме қарын" дайындалса, грузиннің "Долма" ұлттық тағамының құрамын түсіндіріп, дастархан мәзірі ұсынылды.

🔷️Облыстық "Талантты ұстаз - ел өрісі!" фестиваліне қатысып, өнерлерін көрсетіп, ұлтаралық татулықты дәріптеген, халықтар арасындағы салт - дәстүрді, әдет - ғұрыпты насихаттап, ерекше дайындық көрсеткен әріптестеріміз "Ұлттық өнер көрсету " бөлімінен жүлделі ІІ орын иеленді.

🔷️Әріптестерімізді жүлдесімен құттықтаймыз және шығармашылық даму тілейміз!
 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив