26
сәуір
2024
"Талантты ұстаз - ел өрісі!" атты фестивалінің нәтижесі
🌺Халықтар достығы...халықтар бірлігі...
талантты ардагер... жас ұстаз...фестиваль...
🌺Еліміздің болашағы - жас ұрпақтың білім беру мен тәрбие жұмысының алтын көпіріне айналған ардагерлер мен жас мұғалімдерідің байланысын жалғастыра отырып, интеллектуалдық, шығармашылық таланттарды дәріптеу, насихаттау мақсатында 1 Мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі қарсаңында және Оқу - ағарту министрлігінің Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыруда "Талантты ұстаз - ел өрісі!" атты аудандық талантты ардагер мен жас ұстаздардың фестиваліне мектебіміздің көркем еңбек пән мұғалімі, ауған соғысының ардагері Рахымжанов Ержан Рахатович пен жас маман, бастауыш сынып мұғалімі Назарова Назым Болатбекқызы қатысты.
🌺1 тур: "Ұлтаралық достық, ұлттық тәрбие бойынша инновациялық жобада" ардагер ұстаз Е.Рахымжанов "Қамшы құрылымы" мен жас маман Н.Назарова орыс ұлтының "Кесте тігу " қолөнерін ерекшеліктерімен көрсетіп, презентация жасады.
🌺2 тур: "Үздік сыныптан тыс іс - шара" әдістемелік әзірлеме бөліміне мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Сұлтанбекова жұмысын ұсынды.
🌺3 тур: "Ұлттық өнер көрсету" әріптестеріміз өзбек ұлтының "Михрибанум" күйін домбырада сүйемелдеп, биін биледі, дуэт "Балбырауын" күйін орындап, эстрадалық "Атамекен" әнімен қорытындылады.
🌺4 тур: "Әр ұлттың тағамдары" көрмесінде ұмыт болып қалған "Бүрме қарын" дайындалса, грузиннің "Хачапури" ұлттық тағамының құрамын түсіндіріп, дастархан мәзірі ұсынылды.
🌺"Талантты ұстаз - ел өрісі!" фестиваліне қатысып, өнерлерін көрсетіп, ұлтаралық татулықты дәріптеген, халықтар арасындағы салт - дәстүрді, әдет - ғұрыпты насихаттаған әріптесіміз, ардагер ұстаз Е.Рахымжанов "Шығармашыл ұстаз" номинациясымен марапатталып, командалық ІІ орын иеленді.
🌺Әріптестерімізді жетістігімен құттықтаймыз және шығармашылық даму тілейміз!