3"Б" сынып қыздарының арасында "Қыз сыны" сайысы өтті » «Қожагелді батыр атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Ақсуат ауданы бойынша білім бөлімінің
«Қожагелді батыр атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72346) 2-13-54
Есепші бөлімі:
+7(72346) 2-22-72
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 3"Б" сынып қыздарының арасында "Қыз сыны" сайысы өтті
04
наурыз
2024

3"Б" сынып қыздарының арасында "Қыз сыны" сайысы өтті

🌺8 Наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесі күніне орай 3"Б" сынып қыздарының арасында "Қыз сыны" сайысы өтті. Сайысқа түскен қыздарымыз ерекше дайындықпен келіп, сахнада бақтарын сынап, ата - аналардың, әділ қазылардың, ұстаздардың, оқушылардың қошеметіне бөленді.

🌺Қыздарымыз өздерін таныстыруда есімдеріне сипаттама беріп, иіліп сәлем беріп, ата - анасына, ұстазына алғыс айтуды ұмытпады.

🌺Бірі би билеп, бірі өлең айтып, бірі домбырамен күмбірлете күй шертіп, бірі мәнерлеп өлең оқып, бірі салған суреттерін бейнелеп, өз өнерлерін көрсетті.

🌺Қолдан тіккен сән көйлектерінің, сөмкелерінің, білезіктері мен шаш үлгілерін әсемдеуі эстетикалық талғамдары ұлттық құндылықтарға ұштасты.

🌺Жеті ата, салт - дәстүр, өнер, жеті жұт, жұртты ата, зергерлік бұйымдарды атауға берілген сұрақтарға ешқайсысы мүдірмей білімділіктері мен салт - дәстүрді дәріптейтіні көрінді.

🌺Дәулетхан Айзада, Тұрсынбек Жадыра, Бауыржан Талшын, Ахметбек Зере, Ақан Еркеназ, Қалымбекова Еркеназ, Сайлауғазы Айару, Мейрғали Жібек, Дулатқызы Інжу қыздарымыз көркіне сай, көрермен көзайымы болған, жібек мінездеріне, талғамды өнерлеріне, ұлттық құндылықтарды дәріптеуіне қарай номинациялармен марапатталды.

🌺Сынып жетекшісі Гүлжан Кеңесбекқызы мен аруларымызды көктемнің мерекесімен құттықтаймыз!

 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив