Информатика пәнінен өткен ашық сабақ. 9 "А", 9 "Б" сыныбы » «Қожагелді батыр атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Ақсуат ауданы бойынша білім бөлімінің
«Қожагелді батыр атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72346) 2-13-54
Есепші бөлімі:
+7(72346) 2-22-72
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Информатика пәнінен өткен ашық сабақ. 9 "А", 9 "Б" сыныбы
10
ақпан
2024

Информатика пәнінен өткен ашық сабақ. 9 "А", 9 "Б" сыныбы

✅Қожагелді батыр атындағы тірек мектебінің магниттік мектептерінің 9-11-сынып білім алушыларына аралық оқу сессиясының бағдарламасына сай информатика пән мұғалімі Айгул Рысбекқызы 9 "А",9 "Б" сыныптарына ашық сабақ өткізді.

✅Сабақтың тақырыбы: Екіөлшемді массивтер.

✅Сабақтың мақсаты: Екіөлшемді массивпен танысады, Python программалау тілінде жазылуын үйренеді, программа құрады.

✅Сабақ барысы: "Сиқырлы қарындаш" ұсына отырып, бір-біріне жақсы тілектер айтты. LearningsApps.org платформасында сілтеме арқылы кіріп "Массив элементтерін анықтау" тапсырмасын орындады. Жаңа білімді меңгерту мақсатында сұрақтарға оқушылар жеке, топта жауап берді, мұғалім толықтырды. Компьютерде Python бағдарламалау ортасында оқушылар жеке тапсырманы белсенді орындады. А.Құнанбайұлының "Әсемпаз болма әрнеге" өлеңін оқушылар жарыса жатқа оқыды. Мағынасына талдау жасап, өз ойларын ашық айтты. Білімді бекіту кезеңінде "Домино" ойынын ойнап тапсырманы сәтті орындап шықты. "Ми" бағалау әдісі бойынша оқушылар өзін-өзі бағалау парағын толтырды. Сабақ соңында "Жетістік баспалдағының" қай сатысында тұрғанын стикерлер көмегімен белгіледі.



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив