10
ақпан
2024
"Ауылдық жерлерде тірек мектептерінің әлеуетін дамыту"жобасы
✅8 ақпан күні "Ауылдық жерлерде тірек мектептерінің әлеуетін дамыту" жобасы аясында Қожагелді батыр атындағы тірек мектебінің магниттік мектептері үшін 9-11-сынып білім алушыларына аралық оқу сессиясы өтті.
✅Аралық оқу сессияның мақсаты: ауылдық жердің барлық балаларына базалық және бейіндік оқыту мен тәрбиелеу негізінде олардың қабілеттерін, жеке бейімділік ерекшеліктерін ескеретін сапалы білім беруді қамтамасыз ету.
✅Оқу сессиясының алғы сөзінде аудандық білім бөлімінің басшысы А.Қыдырмолдин магниттік мектептер Сасан би атындағы орта мектебінің, Көктүбек орта мектебінің, Тана мырза орта мектебінің жұмысына сәттілік тіледі.
✅Мектеп директоры Е.Абсалямов жоба туралы айта отырып, магниттік мектептердің директорларына атаулы белгі табыс етті.
✅Сессияның ашылу салтанатында оқушылардың құттықтауы, сазсырнай аспабындағы "Қарлығаш" күйі тыңдалып, "Қазақстан" хорымен аяқталды.
✅Жоспар бойынша креативті сабақтар, робототехника, танымдық үзілістер, ART студия, STEM зертханалық жұмыстар, телестудия, цифрлы кітапхана жұмысы, интеллект ойындар, музыка, өнер, дене шынықтыру және тимбилдинг әдістерінің жұмыстары көрсетілді. Бір күнге жоспарланған оқу сессиясының жұмысы мақсатына жетті. Білім алушылар кері байланыс жасап, ойларымен бөлісіп, бір - бірімен танысу мүмкіндігіне ие болды.