Ғылым қызметкерлері күні » «Қожагелді батыр атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Ақсуат ауданы бойынша білім бөлімінің
«Қожагелді батыр атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72346) 2-13-54
Есепші бөлімі:
+7(72346) 2-22-72
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
сәуір
2025

Ғылым қызметкерлері күні

🔮Педагог-ғалым...педагог-шебер...педагог-тренер... педагог-зерттеуші...

📚 Мектебімізде 12 сәуір ғылым қызметкерлері күніне орай өткен линейкада оқушылар ұлы ғалымдар Қаныш Сатпаев, Альберт Энштейн, Мария Кюри, Никола Тесла, әлемдік тарихтағы тұңғыш ғарышкер Юрий Гагариннің рөлдерін сомдап, еңбектерін атап, жасанды интеллект көмегімен ғалымдардың ғылымдағы еңбектері айтылды, тәжірибе жасалып, слайд көрсетіліп, әнге ұласты.

🔷️Ғылым қызметкерлері – бұл ғалымдар, зерттеушілер, мұғалімдер, инженерлер мен дәрігерлер, олардың барлығы ғылымның әртүрлі салаларында терең білім мен тәжірибе жинақтап, қоғамға пайдалы нәтижелер шығарады. Ғылымның арқасында біз әлемнің әртүрлі құпияларын ашып, технология мен білім саласында үлкен жетістіктерге жетіп келеміз. Ғалымдардың жұмысы тек теориямен шектелмейді, олар көптеген практикалық мәселелерді шешу жолында үнемі ізденіп, жаңалықтар ашуда.

🔭Қожагелді батыр атындағы орта мектебінің ұжымы және “AMANAT” партиясы Ақсуат аудандық филиалының атқарушы хатшысы Тілеуқабыл Конекбаев педагогика ғылымдарының кандидаты, педагог - шебер Нүргүл Төлегенқызын Ғылым қызметкерлері күнімен құттықтап, “AMANAT” партиясының Алғыс хатымен марапаттады.

🔮Ғалымға оқушы сұрағы: Ауыл мектебінің мұғалімі ғылымға қалай келді?

🔮Ғалымның жауабы: Ғылымға келудің ең басты себебі, осы мектептің алғашқы директоры, әкем Оспанов Төлеген Қожахметұлының айтқаны: білім қай кезде де керек, жастайынан зерек, білімге құштар болу керек деген сөзі маған өмірлік ұстанымыма айналды.

📚Ғылым мен ұстаздықты ұштастырған әріптесіміз Нүргүл Төлегенқызын құттықтаймыз және мақтанамыз!

#Қожагелді_батыр_атындағы_орта_мектебі
#Ғылым_қызметкерлері_күні

Бейнеролик




Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив