"Суды және энергияны қалай үнемдеуге болады?" тақырыбында қауіпсіздік сабағы өтті. » «Қожагелді батыр атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Ақсуат ауданы бойынша білім бөлімінің
«Қожагелді батыр атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72346) 2-13-54
Есепші бөлімі:
+7(72346) 2-22-72
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Суды және энергияны қалай үнемдеуге болады?" тақырыбында қауіпсіздік сабағы өтті.
10
сәуір
2025

"Суды және энергияны қалай үнемдеуге болады?" тақырыбында қауіпсіздік сабағы өтті.

💧Суды және энергияны үнемдеу – болашақ үшін маңызды қадам...

💧Қазіргі таңда жер бетінде табиғи ресурстардың шектелуі адамзаттың алдында тұрған үлкен мәселелердің бірі болып табылады. Су мен энергия – біз үшін ең қажетті ресурстар. Оларсыз біздің өмірімізді елестету мүмкін емес, бірақ олардың тым көп немесе тиімсіз пайдаланылуы табиғатқа айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін. Осы себепті су мен энергияны үнемдеу – біз үшін маңызды әрі қажетті қадам.

💧Суды үнемдеу – табиғатты қорғаудың ең басты аспектілерінің бірі. Бүгінде әлемде тұщы су тапшылығы мәселесі өткір тұр. Тұщы судың қоры шектеулі болғандықтан, оны ысырапсыз пайдалану, сумен тиімді жұмыс істеу өте маңызды. Үйде немесе өндірісте суды үнемдеп, оны қайта пайдалану арқылы біз табиғатты сақтап, болашақ ұрпаққа таза су қалдыра аламыз. Мысалы, суды душ қабылдау кезінде үнемдеп пайдалану, ағынды суды тоқтатып, суару жүйесін жаңарту – бұл іс-әрекеттердің барлығы судың мол қорын сақтау үшін маңызды шаралар.

💧"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасының сәуір - еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік айында 9 "А" сыныбында "Суды және энергияны қалай үнемдеуге болады?" тақырыбында Қауіпсіздік сабағы өтті. Оқушылар бейнероликтер көріп, сұрақтарға жауап беріп, үнемдеуге қосқан үлестері туралы айтты.

💧Сынып жетекшісі Бағлан Байғалиқызы.

#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Ақсуат
#Абайоблысыбілімбасқармасы
#ogu_agartu_ministrligi
#судыүнемдеу
#энергияныүнемдеу 

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив