2024-2025 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хат » «Қожагелді батыр атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Ақсуат ауданы бойынша білім бөлімінің
«Қожагелді батыр атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72346) 2-13-54
Есепші бөлімі:
+7(72346) 2-22-72
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2024-2025 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хат
11
қыркүйек
2024

2024-2025 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хат

Құрметті әріптестер!
2024 - 2025 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы осы әдістемелік нұсқау хат қолданыстағы заңнаманы сақтау, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын (бұдан әрі – МЖМБС), Үлгілік оқу жоспарларын (ҮОЖ) және Үлгілік оқу бағдарламаларын (ҮОБ) жүзеге асырудың бірыңғай тәсілдерін қалыптастыру мақсатында әзірленді.
Әдістемелік нұсқау хатқа мыналар кіреді:
• Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріндегі білім беру процесін реттейтін негізгі нормативтік құжаттарға сілтемелер;
• бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларының ерекшеліктері бойынша түсініктемелер;
• бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің МЖМБС, ҮОЖ, ҮОБ іске асыру жөніндегі ұсынымдар;
• білім беру процесінде цифрлық шешімдерді қолдану бойынша ұсынымдар;
• тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша ұсынымдар;
• инклюзивті білім беруді ұйымдастыру бойынша ұсынымдар;
• ішкі және сыртқы бағалауды жүргізу бойынша ұсынымдар;
• білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшыларының үздіксіз кәсіби дамуын әдістемелік сүйемелдеу, мектепішілік бақылауды ұйымдастыру мен мектептің дамуын жоспарлау бойынша ұсынымдар.
Алдағы оқу жылындағы өзекті міндеттер білім алушылардың академиялық адалдығын дамыту, білім беруді жақсарту үшін жасанды интеллектіні қолдану, үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс жүргізу болады.
Құрметті ұстаздар! Бұл әдістемелік нұсқау хат Сіздерге алдағы оқу жылында білім беру процесінің тиімділігін қамтамасыз етуде әдістемелік қолдау болады деп сенеміз.

2024-25-dstemelk-nsauly-hat.pdf [2,03 Mb] (cкачиваний: 0)
Посмотреть онлайн файл: 2024-25-dstemelk-nsauly-hat.pdf  
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив