09
ақпан
2025
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні
✅Бүгін күллi қазақ сүйiп оқитын, қазақтың ғасырда бір туар ғажайып ақыны, ақиық ақыны, мұзбалақ ақыны атанған Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаевтың дүниеге келген күні. Мұқағали Мақатаев Алматы облысы, Райымбек ауданындағы Қарасаз ауылында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келді. Азан шақырып қойылған аты – Мұхаметқали. Бірақ «пайғамбар атын алып жүру жас балаға ауырлық етеді» деп есептеген ата-анасы оны кішкентай күнінен «Мұқағали» деп еркелете атап кеткен. Тұңғыштары Мұқағалидың ізін ала туылған бір қызы мен бір ұлы ерте шетінеген Сүлеймен әкей мен Нағиман шешей олардан кейін Тоқтарбай, Көрпеш атты екі ұл сүйеді.
Мұқағалидың әкесі колхозда сушы, шалғышы болып істеген қарапайым шаруа адамы болыпты. Нағиман апаның айтуынша, үйдің тұңғышы болғасын ба, Мұқағали Тиын әжесіне табиғи болып, анасын жеңге есебінде санаған. Мұқағали ер мінезді, айбынды әжесін ерекше құрметтеген. Табиғаты шырайлы да шұрайлы Қарасаз топырағындағы қаймағы бұзылмаған қазақы ортада өсіп-өнген Мұқағалидың балалығы әуелде мұңсыз басталады. Алайда сол мұңсыз балалыққа сызат түсірген соғыс Мұқағалиды демде есейтеді. Бір топ жерлестерімен әкесі майданға аттанғанда ол небары он жаста-тұғын. Мұқағали үш ағайынды болған. Ең үлкені – Мұқағали, одан кейін – Тоқтарбай, Көрпеш деген інілері болған.
Мұқағали Мақатаевтың балалық шағы қазақтың басына төнген қайғы-қасіреттің бірнешеуімен тұспа-тұс келді. 1932-33 жылдардағы ашаршылық кезінде ақын небәрі 1-2 жас шамасында болса, 1937 жылғы саяси қуғын-сүргін кезінде 6 жаста болады. Екінші дүниежүзілік соғыс барысында Мұқағали Мақатаев 10 жастағы бала екен. Соғыстың салқын қабағы ақынның шаңырағына оңай соққан жоқ. Әкесі Сүлеймен 1941 жылы Калининград майданында қаза тауып, анасы мен әжесінің тәрбиесінде өсті. Балалық шағы соғыспен тұспа-тұс келген Мұқағали өлеңді он-он бір жасынан жаза бастайды.
«Ең бірінші бақытым – халқым менің, Саған берем ойымның алтын кенін» деп көзінің тірісінде халқын қастерлеп өткен ақын ұлын, артындағы елі де ұмытпақ емес.