ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ - ГҮЛДЕНГЕН ЕЛ » «Қожагелді батыр атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Ақсуат ауданы бойынша білім бөлімінің
«Қожагелді батыр атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72346) 2-13-54
Есепші бөлімі:
+7(72346) 2-22-72
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ - ГҮЛДЕНГЕН ЕЛ
27
наурыз
2025

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ - ГҮЛДЕНГЕН ЕЛ

    Сыбайлас жемқорлық – қоғам мен мемлекетті іштей ыдырататын әлеуметтік құбылыс. Жемқорлықпен күрес елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналып отырғандығы шындық. 
    Әлемдегі бәсекеге қабілетті озық отыз елдің қатарынан орын алуды мақсат тұтқан мемлекетімізде дамудың  бір бағыты ретінде сыбайлас жемқорлықсыз  қоғам құру міндеті тұрғаны белгілі. Тек Қазақстанда ғана емес, әлем бойынша тамырын жайып, түп-тамырын жойып жіберуге  күш бермей келе жатқан жемқорлық дерті, озық елдердің қатарынан  мықтап орын тебуге  кедергі келтіріп, қолбайлау болуда. Әр ел бұл кеселмен түрлі әдіс-айламен күресуде.
   Мамандардың зерттеулері бойынша, елімізде сыбайлас жемқорлықты тудырып отырған себептердің жан-жақты анықталмауы салдарынан ойдағыдай нәтижеге қол жеткізе алмай отырмыз. «ТрансПеренси Интернейшнл» ұйымының рейтингісінде еліміз 180 елдің арасында 122- орында тұр». Сыбайлас жемқорлық - ұлтымыздың қауіпсіздігіне, еліміздің халықаралық беделіне, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына елеулі нұқсан келтіретін қауіпті құбылыс екені, ал онымен күрес  тек заң қызметкерлерінің ғана жауапкершілігі емес, қалың бұқараның да азаматтық міндеті екендігін түсіндіру кітапханада өтетін шаралар барысында үнемі айтылып келеді.
 
«Егемен Қазақстан» газетінен қысқартылып алынды.

[attachment=62]
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив