Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірден басталады. » «Қожагелді батыр атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Ақсуат ауданы бойынша білім бөлімінің
«Қожагелді батыр атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72346) 2-13-54
Есепші бөлімі:
+7(72346) 2-22-72
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірден басталады.
01
сәуір
2025

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірден басталады.

Биыл бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2025 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі Орта білім комитетіне сілтеме жасап.
ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес, 1-сыныпқа ата-анасының өтініші бойынша балалар 6 жастан бастап қабылданады. Құжаттарды мемлекеттік egov.kz электрондық үкіметі, сондай-ақ қағаз нұсқада 1 сәуір - 31 тамыз аралығында тапсыруға болады.
Қазақстан азаматтары үшін Жалпы білім беретін орта мектепке қабылдауға қажетті құжаттар тізімі:
1)ата-ананың немесе заңды өкілінің өтініші;
2) №065-у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама және №052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты;
3)өлшемі 3х4 см сурет (2 дана)
Шетел азаматтары үшін:
Ата-аналар немесе басқа заңды өкілдер Қазақстанда уақытша немесе тұрақты тұруы керек. Шетелдіктер мектепке Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығы туралы және тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы құжаттарды ұсынуы керек.
Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.
Құрметті ата-аналар! Құжаттарды тапсыруды соңғы күндерге қалдырмай, балаңызды мектепке беруді алдын ала ойластыруға шақырамыз!

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив