Магниттік мектеп » «Қожагелді батыр атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Ақсуат ауданы бойынша білім бөлімінің
«Қожагелді батыр атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72346) 2-13-54
Есепші бөлімі:
+7(72346) 2-22-72
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
ақпан
2025

Магниттік мектеп

🌎 Мектебімізде Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігінің "Қазақстан халқына" қорының, Білім беру саласын тұрақты дамыту қорының, Назарбаев зияткерлік мектебінің қолдауымен "Ауылдық жерлерде тірек мектептерінің әлеуетін дамыту" жобасы аясында 2024 - 2025 оқу жылының тірек мектебінің магниттік мектептерінің 9 - 11 сынып білім алушыларына аралық оқу сессиясы өтті.

🌎 Информатика пәні мұғалімі, педагог - шебер Болысова Гульмира Махсутхановна 9 "Б" сыныбында информатика пәнінен "Цифрлы әлемге - кемел біліммен" тақырыбында сайыс сабағын өткізді.

🌎 Сабақ барысында білім алушылар тақырыппен таныстырылып, "Біртұтас тәрбие" бағдарламасының апта дәйексөзін талдап, әрі қарай оқушылар сабақтың мақсатын өздері қойып, мақсатқа жету барысында 5 кезеңнен тұратын сайыс ұйымдастырылды. Сайыс кезеңінде Lumio, Wordwoll платформаларында жасалған әртүрлі тапсырмалар берілді.

🌎 Сабақты қорытындылау кезеңінде жинаған ұпайларына байланысты жеңімпаз топтар анықталып, марапаттаулар болды.
Сабақ соңында білім алушылар сабақтың өте жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жақсы өткендігі жөнінде ойларын айтып кері байланыс берді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив