Көңілді үзіліс
"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасының сәуір - еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік айының "Шабыт" жобасы аясында кезекті көңілді үзілісте 6 “Б” сынып оқушылары Ежелгі түрік зияткерлік және стратегиялық “MANGALA” ойынын, “Лабиринт”, “Слагалица“ ойындарын ойнады. Бұл ойындар логикамен дәл есептеулерді дамыту үшін өте пайдалы болып саналады. Дәстүрлі түрік зияткерлік және стратегиялық "Мангала" ойыны ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының тізіміне енгізілген.