Наурызнама онкүндігі. Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа форматы
2024 жылдан бастап Қазақстан бойынша Наурыз мерекесі жаңа форматта тойланатын болады. Оның мән-мағынасы мен мазмұнын байытып, жыл сайын 14-23 наурыз аралығында өткізілетін Наурызнама онкүндігін жариялау ұсынылды.