«Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносының республикалық фестивалі » «Қожагелді батыр атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Ақсуат ауданы бойынша білім бөлімінің
«Қожагелді батыр атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72346) 2-13-54
Есепші бөлімі:
+7(72346) 2-22-72
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносының республикалық фестивалі
03
маусым
2024

«Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносының республикалық фестивалі

📽️ Кинематография... кинорежиссура... балалар киносы... stop-motion-видео...

📽️ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК ұйымдастыруымен өткен «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносының республикалық фестивалінің республикалық кезеңіне stop-motion-видео номинациясына қатысқаны үшің 5 «Г» сынып оқушысы Назарбек Жан сертификатпен марапатталды.

📽️ Жетекшісі: тарих пән мұғалімі, сынып жетекшісі Тундикбаева Гульназ Кенжагалиевна.

📽️ Фестивальдің мақсаты: кинематография арқылы білім алушылардың бойына моральдық-адамгершілік, эстетикалық және әдеб құндылықтарды қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдердің рухани, зияткерлік және шығармашылық дамуына ықпал ету, дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдау, балаларды қосымша біліммен қамту.

📽️ Фестивальға облыстық, қалалық кезеңдердің 140 жеңімпазы – жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысты.

📽️ Фестиваль келесі номинациялар бойынша өткізілді: ойынды кино, stop-motion-видео, үздік әлеуметтік жарнама, үздік бейнеклип, бейнеролик, телевизиялық сюжет, балаларға арналған ең жақсы телебағдарлама, үздік ғылыми-танымал фильм.

🔅 Әріптесімізді және оқушымызды жетістігімен құттықтаймыз!

Бейнеролик

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив