"Білімім-Отаныма!"жалпыреспубликалық бірыңғай тәрбие сағаты » «Қожагелді батыр атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Ақсуат ауданы бойынша білім бөлімінің
«Қожагелді батыр атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72346) 2-13-54
Есепші бөлімі:
+7(72346) 2-22-72
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Білімім-Отаныма!"жалпыреспубликалық бірыңғай тәрбие сағаты
24
мамыр
2024

"Білімім-Отаныма!"жалпыреспубликалық бірыңғай тәрбие сағаты

🔔Білімім - Отаныма...жетістіктер...марапаттар...

🔔2023 -2024 оқу жылын қорытындылауда мектебімізде 1-10 сыныптарда бүгін, яғни 24 мамырда "Білімім - Отаныма!" жалпыреспубликалық бірыңғай тәрбие сағаты өтті.

🔔Мақсаты: оқушыларды ұстаздарды құрметтеуге, білім ұясына қамқор болуға, білім алуға құштар болуға, жыл бойы алған білімінің нәтижесін қорытындылай білуге тәрбиелеу.

🔔Барлық тәрбие сағаты Мемлекеттік Әнұранмен басталды. ҚР Оқу - ағарту министрінің жалпыреспубликалық білім алушыларына құттықтау сөзін тыңдап, республика бойынша балалардың жетістіктері туралы бейнеролик қойылды.

🔔Сонымен қатар, халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық білім жетістіктері мен тәрбие тағылымы бойынша дайындаған сынып жетекшісінің видеороликтері көрсетілді.

🔔Тәрбие сағатына ата - аналар қатысуы маңызды болды, себебі әр баланың жақсы қасиеті, үлгілі істері, жетістіктері туралы айтылып, марапатталды.

🔔9,11 сынып түлектері "Мен.Мектеп.Ұстаз" тақырыбында мектеп қабырғасындағы барлық балалық шақтан болашаққа қадамы туралы эссе жазды.

🔔Ақсуат аудандық білім бөлімінің басшысы А.Ш.Қыдырмолдин, Ә.Бөкейхан университетінің проректоры Қ.Б.Базенов бірнеше сынып сағатына қатысып, оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, мақтау қағаздарын табыстады. Жәнеде оқушыларға GUIDEBOOK "Қызықты жазғы демалыс" таза ауадағы жазғы демалысты қызықты өткізудің кеңестері мен ережелері жайлы айта кетіп, жадынамалар тапсырды.

🔔Барлық сыныптарда "Білімім - Отаныма!" жалпыреспубликалық бірыңғай тәрбие сағаты ұсынымның талаптарын орындай отырып, жоғары деңгейде өтті.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив