02
мамыр
2024
Ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің тәжірибе алмасу семинары өтті
🔷️30 сәуір 2024 жылы “Қожагелді батыр атындағы орта мектебі” КММ-де “Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігі - оқушылардың шығармашылығы мен жетістіктерінің кепілі” тақырыбында аудандық тәжірибе алмасу семинарында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ильясова Гульжан Кадрмолдиновна 9 “В” сыныбында “Gadgets” тақырыбында ашық сабақ өткізді.
🔷️Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер:
Оқушылар бір-біріне жақсы сөздермен сипаттама жасап, сабақтың тақырыбын ашты. “Time Round Robin“ әдісі арқылы сұрақ-жауапқа жауап беріп, оқушылар жұптық жұмыс жасады.
🔷️“Jigsaw” әдісі арқылы оқушылар өз мәтіндерін оқып, бір-біріне жеткізе білді.
Тақырыпқа байланысты постер жасап, топпен қорғады.
🔷️Кері байланыста оқушылар сабақта өткен тақырып бойынша өз ойларымен бөлісті. Сабақ өз мақсатына жетті.
🔷️Семинарда үздік сабақ көрсетіп, іс - тәжірибесімен бөліскені үшін әріптесіміз аудандық білім бөлімінің Мадақтамасымен марапатталды. Құттықтаймыз!