"Бұрымды қыз" бейнероликтер байқауының облыстық кезеңі » «Қожагелді батыр атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Ақсуат ауданы бойынша білім бөлімінің
«Қожагелді батыр атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72346) 2-13-54
Есепші бөлімі:
+7(72346) 2-22-72
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Бұрымды қыз" бейнероликтер байқауының облыстық кезеңі
16
наурыз
2024

"Бұрымды қыз" бейнероликтер байқауының облыстық кезеңі

⚜Республика бойынша өткен "Ақпараттық дайджест" онлайн "Бұрымды қыз" номинациясы бейнероликтер байқауының облыстық кезеңіне қатысқан мектебіміздің бұрымды қыздарымыздың жұмысы үздік деп танылды.

⚜Қыз балаларының бұрымының сұлулығын, оның мәдениеттілігінің белгісін, эстетикалық талғамдарын көрсеткен 31 жұмыстан 2 жұмыс үздік деп танылып, жүлделі ІІ және ІІІ орындарға ие болып дипломмен және белсене қатысқаны үшін мектебіміз Абай облыстық инновациялық - әдістемелік орталығының Грамотасымен марапатталды.

⚜Байқаудың мақсаты: "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында түсіндірілетін ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қыз бала сұлулығы мен мәдениеттілігінің белгісін көрсету, оқушыларға ұмыт болып бара жатқан ұлттық төл мәдениетіміз бен өнерімізді қайта тірілтіп, салт- дәстүрді жаңғырту, қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру арқылы инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.

⚜"Бұрымды қыз" бейнероликтерін дайындауда шығармашылықпен жұмыс атқарған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Сұлтанбековаға, сынып жетекшілеріне және қыздарымыздың аналарына алғыс білдіреміз, құттықтаймыз!


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив