"Отбасы хрестоматиясы" қоғамдық қорының өкілдерімен кездесу » «Қожагелді батыр атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Ақсуат ауданы бойынша білім бөлімінің
«Қожагелді батыр атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72346) 2-13-54
Есепші бөлімі:
+7(72346) 2-22-72
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Отбасы хрестоматиясы" қоғамдық қорының өкілдерімен кездесу
16
қаңтар
2024

"Отбасы хрестоматиясы" қоғамдық қорының өкілдерімен кездесу

📚Рухани азық...Ұлттық құндылықтар...
қисса...аңыз...ертегілер...кітаптар сыр шертеді...

📚 "Оқуға құштар мектеп " жобасы аясында "Отбасы хрестоматиясы" қоғамдық қорының Абай облысы бойынша өкілі Сағымбаева Ажар Шалтембайқызы мен “Асық” әдеби-мәдени клубының жетекшісі Бекзат Нұртай бастаған шығармашылық топ мектебіміздің ұстаздарымен кездесу өткізді.

📚 "Отбасы хрестоматиясы" жобасының авторы, шығыстанушы, ағартушы Санжар Керімбайдың Логотерапия ілімін қазақ тілінде сөйлеткен еңбектері туралы, бала санасына адами құндылықтарды жастайынан сіңіру жолдары туралы құнды ақпараттар бөлісті. Ұстаздар қауымы топтарға бөлініп, "Редикс" әдісі бойынша "Балалықтан даналыққа" кітабын оқып, Логотерапия ілімінің негізгі ұғымдары туралы пікір алмасып, презентация жасады.

📚Баланың бойына аңыз, ертегі, қисса, жырларды сіңіру арқылы болмысын ояту мақсатында кітап оқудың маңыздылығын "Отбасы хрестоматиясы" қоғамдық қорының өкілі көрмедегі әр кітапқа тоқталып, мағынасын аша түсті.

📚Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Амангүл Керейханқызы кездесу өткізген өкілдердің жұмысына сәттілік тіледі.




Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив