05
мамыр
2025
Мектеп оқушылары Ұлы Отан соғысындағы тыл ардагерлерімен кездесіп, мерекемен құттықтап қайтты.
🔥9️⃣ сәуір - 9️⃣ мамыр Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 8️⃣0️⃣ жылдығына орай "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасының мамыр - бірлік пен ынтымақ айы аясында мектебіміздің "Қолғанат" тобының 10 "А" сынып оқушылары ауылымыздағы еңбек ардагері, Ұлы Отан соғысындағы батырдың ұрпағы Болысбаев Советбек ата мен Сулейменова Қайникамал апаның үйіне барып, мерекемен құттықтап, сұхбаттасып қайтты.
🔥Бала күнінен білімге ұмтылып, оқу оқып, білім саласында қажырлы еңбек еткен қарт ұстаз оқушыларға өзінің еңбек жолынан естеліктер айтып, оқушыларды көргенде қуанып, бір жасап қалды, ақ батасын берді.
🔥Қайникамал әжеміз оқушылармен әңгімелесе отырып, өзінің зеректігімен еңбекқорлығының арқасындағы еңбек жолын баяндай отырып, бүгінде ұл өсіріп, қыз жеткізіп, немерелерін мақтанышпен айтып, жымиып қана күлкісі арқылы мейірбандылығын байқатты. Оқушылар сұрақ қойып, атаның кеудесіндегі медальдарға көз жүгіртіп, әрбір медальдың аталуын сұрап, сол медальдардың астарындағы қаһармандығы мен қайсарлығын бағалағандай болды.
🔥Ардагерлер – алтын шежіре,
Тарих жатыр әрбір сөзінде.
Жеңіс берген ерлік иесіне,
Тағзым етем, жүрек сезіммен.
🔥Ұйымдастырған әскери жетекші Ринат Амангелдіұлы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Амангүл Керейханқызы , сынып жетекшісі Жанерке Сарқытбекқызы.
🔥Бүгінгі бейбіт таңымыз, ашық аспанымыз, биік еңсеміз үшін РАҚМЕТ СІЗДЕРГЕ АРДАГЕР АТА МЕН ӘЖЕ!
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Ақсуат
#Абайоблысыбілімбасқармасы
#ogu_agartu_ministrligi
#9мамыр
#Жеңіске80жыл
Бейнеролик