04
желтоқсан
2023
АГРЕССИВТІ ӘРЕКЕТТІҢ АЛДЫН-АЛУ
АГРЕССИВТІ ӘРЕКЕТТІҢ АЛДЫН-АЛУ
Ашуланған кезде мынаны істеуге болады:
- Қағазды жұмырлау және жырту.
- Боксерлік алмұртты және жастықты ұру.
- Аяқпен жерді ұру.
- Ватман қағазынан жасалған «стаканды» бар дауыспен айғайлауға пайдалану.
- Қағазға айтқыңыз келген сөздерді жазып, оны мыжып, лақтырып жіберіңіз.
- Өзіңізге ереже ретінде алыңыз:
- Әрекет етпес бұрын, өзіңе «тоқта» деп айт.
- Әрекет етпес бұрын, терең демалып 10-ға дейін сана.
- Ерекше төбелескіш балаларға. Әрекетке көшпес бұрын жұдырығыңды қатты түй де оны қайта босат. Осылай 10 рет істеуге болады.
- Үлкендермен сыпайы сөйлес.
- Заттарыңа ұқыпты қара.
Қорытынды сөз. Ашуға бой алдырма, әрқашанда өзіңді ұстай біл. Жақсылық көрсең өзіңнен, жамандық көрсең өзіңнен. Барлығы өзіңе байланысты. Сондықтанда әрбір қиындықты әрқашанда жеңе білуге тырыс. Өмірде өз орындарыңызды тауып, биік мақсаттарға қол жетулеріңізге тілектеспін.