07
ақпан
2025
Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі апталығы
📚 27-31 қаңтар аралығында "Қожагелді батыр атындағы орта мектебі"КММ-де Ұлы ақын,философ Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай ақынның шығармашылығын насихаттау арқылы жас ұрпақты ұлттық құндылықтарды қадірлеуге тәрбиелеу мақсатында "Абай мұрасы-ұлттың рухани қазынасы" тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі апталығы өткізілді.
📚 Апталық "Абай даналығы-қазақ халқының рухани темірқазығы" деген тақырыпта ашылып, өз жалғасын тапты.
Пән мұғалімдері әртүрлі әдіс- тәсілдер мен жасанды интеллект платформаларын өз сабақтарында тиімді қолдана білді. "Абай поэзиясы-жүрекке жол" атты интеллектуалды сайыс, "Абай өсиеті-мәңгілік мұра" Абай қарасөздерін жатқа мәнерлеп оқу сияқты сыныптан тыс шаралар ұйымдастырылды. Апта соңында қазіргі таңда өзекті болып отырған тақырыптардың бірі ретінде мектеп психологі, сынып жетекшілері және бірлестік мүшелерімен бірлескен "Ерекше балаларды оқытуда тиімді әдіс-тәсілдерді бөлісу " тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Апталық жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бірлестік мүшелеріне шығармашылық табыс тілейміз. ✨