Мемлекеттік әнұран
Ұлттық білім академиясының 2024- 2025 оқу жылына арналған Әдістемелік нұсқаулықтың Тәрбие саласы бойынша ерекшеліктерінің бірі АПТА САЙЫН: -«Менің Қазақстаным» – оқу аптасының басында бірінші сабақта білім алушылар Қазақстан Республикасының Әнұранын орындайды,- деп көрсетілген. Соған орай әр дүйсенбі күні I және II ауысымның бірінші сабақтағы пән мұғалімдері оқушылармен Мемлекеттік әнұранды бірге орындап, сабақ бастады.